Оралда ер адам көшеде тоғыз жасар баланы тонап кеткен
Оралда тоғыз жасар баланы тонап кеткен ер адам ұсталды.
БҚО ПД хабарлауынша, Орал қаласында Абай аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері тонау қылмысын жасаған күдіктіні анықтады.
«18 қазанда 9 жасар жасөспірім үйіне келіп, ұялы телефонының жоғалғанын айтып, болған жағдайды әкесіне баяндап береді. Одан әрі әкесі мен баласы полицияға жүгінеді. Әңгіме барысында ұлы аулаға бейтаныс ер адам келіп, оның көзін басып, ойнағандай сынай танытып, кейін кетіп қалғанын айтады» делінген ПД хабарламасында.
Жеткіншек ер адамның түр-тұлғасын сипаттап берді.
«Қолданылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері орнатылған бейнекамералар арқылы күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол Орал қаласының 1986 жылғы тұрғыны екені белгілі болды және одан кәмелетке толмаған оқушының ұялы телефоны тәркіленді» делінен хабарламада.
Күдікті қалалық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық