Оралда билік рұқсат берген митинг өтіп жатыр
28 ақпан күні Орал қаласында саяси реформа жүргізу және саяси тұтқындарды босату талабымен билік мақұлдаған митинг өтіп жатыр. Жиынға келгендердің басты талаптары - биліктің ауысуы, саяси себеппен қудаланғандарды босату, барлық деңгейдегі әкімдерге халық сайлауы.
Бейбіт жиынның ұйымдастырушысы, журналист Лұқпан Ахмедьяров митинг кезінде «18 миллион халқы бар елде мемлекетті басқаратын адамның табылмауы мүмкін емес» дегенін хабарлады Азаттық тілшілері. Акцияға алматылық құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов те келіп, қосылған.
Митинг қатысушыларының бірі «Nazarbayev is a dictator» («Назарбаев – диктатор») деген жазуы бар плакат ұстап алған.

Орал қаласы ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Ербол Көшеков жиын ұйымдастырушыларына плакаттарда экстремистік сипаттағы жазулар бар, деп ескертті.
Ұйымдастырушылар «бұл экстремизм емес, шындық» деп жауап берген. Осыдан кейін жиын қатысушылары «Назарбаев – диктатор», «Шал, кет!» деп ұрандатты.
Бүгін Қазақстанның бірқатар қалаларында наразылық акциялары өтіп жатыр. Наразылыққа шығушалардың ішінде тек осы Орал қаласындағы то қана биліктің мақұлдауын алған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық