Оралда бұрынғы әйелін өлтірген шенеунік жауапқа тартылды
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 30 жастағы Айнагүл Хайруллинаның өліміне қатысты алдын ала тыңдау өтті.
Мой город басылымының хабарлауынша, келіншек 2021 жылы сәуір айында өзінің бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан. Марқұмның бұрынғы күйеуі – Бауыржан Хайруллин. Биыл наурыз айында ерлі-зайыптылар арасындағы неке бұзылған, бірақ ер адам мұны қабылдамай, оны қызғанып, қудалауды жалғастырған.
«Ол Айнагүл Хайруллинді өз меншігі санаған. 2021 жылдың 19 сәуірінде сағат 16:30 шамасында Бауыржан Хайруллин күртешесінің қалтасына пышағын жасырып, бұрынғы әйелінің жұмыс орнына келген. Ол оның жұмыс орнына барып, қарым-қатынасты реттеу үшін әйелді шақырған. Оның қылмыстық ниеті туралы ойламаған Айнагүл Хайруллина оның алдынан шыққан. Ұйымның қасында Хайруллин өзінің наразылығын білдіріп, жақын жерде ешкімнің жоқтығына көз жеткізгеннен кейін қалтасынан пышағын алып, әйелінің денесінің әр жеріне көптеген жарақаттар сала бастаған. Сонымен бірге ол ерекше қаталдық пен жауыздық танытқан. Сосын оны жерге құлатып, пышақтауын жалғастырған. Өмірі үшін күрескен Айнагүл Хайруллина қорғануға кірісіп, тоқтауды өтінген. Алайда Хайруллин өз әрекетін жалғастырып, ол өмір белгілерін тоқтатқаннан кейін ғана қылмыс орнынан қашып кеткен» деп жазды мемлекеттік айыптаушы Сәкен Молдашев.
Айта кетсек, мамандар Айнагүл Хайруллинаның денесінен 30 пышақ жарақатын тіркеген. Әйел қылмыс орнында көз жұмған.
Бауыржан Хайруллиннің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бойынша қаралады.
Сот залында Бауыржан Хайруллин алқабилер сотынан бас тартты.
Марқұм Айнагүл Хайруллинаның анасы Қатима Қажыпанова бұрынғы күйеу баласына ең ауыр жаза тағайындауды сұрады.
«Мен оның өлім жазасына кесілгенін қалаймын, бірақ, өкінішке қарай, бізде ондай жаза жоқ. Сондықтан соттан оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймын. Екі кішкентай бала анасыз қалды» деді ашынған ана.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық