Оралда атысқа ұласқан төбелес видеоға түсіп қалды
Оралда орын алған жаппай төбелес бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Басында ойын-сауық мекемесінде болған екі ер адам өзара жанжалдасып қалған. Артынша қақтығысқа қатысушылардың бірі тапаншасын алып, оқ атқан.
БҚО полиция департаменті оқиғаның «Астана» шағын ауданындағы сауда орталықтарының бірінің маңында болғанын хабарлады. Жақын жерде орналасқан дәмханада келушілер арасында жанжал шыққан. Ол көшеде жалғасқан жаппай төбелеске ұласқан.
33 жастағы ер адам жақын маңдағы көлікте адамдардың бірін күтіп тұрған. Ол таныстарының соққыға жығылғанын көріп, көліктен тапаншаны шығарып, одан жерге оқ атқан. Төбелеске қатысушылар қашып үлгермеген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оларды ұстады.
«Қаза болғандар жоқ, төбелеске қатысушылар жеңіл жарақаттармен аман қалды. 7 адам ұсталды, олар 25 пен 42 жас аралығындағы ер адамдар. Төбелеске қатысушылар бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, қарулар есепке алынды» деп хабарлады БҚО полиция департаментінің өкілі Болатбек Нұрғожин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық