Оралда әйел қызын зорлаған жасөспірімдердің ақталуын сұрады
Фото: depositphotos/AndreyPopov
Қызымды зорлады деген ана, сот үкімі шыққаннан кейін айыпталушылардың кінәлі еместігін айтты.
Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Батыс Қазақстан облысында оқушы қызды зорлаған жасөспірімдерге үкім шықты. Олардың кейбіреуіне көлік ұрлығы мен ұрлық жасады деген айып тағылды.
Өткен жазда Оралда бірнеше мектеп оқушысының 13 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінгені белгілі болды. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы «Зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
2024 жылғы 5 маусымда ер адамға және тағы төрт кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істі ауданаралық сот қарады. Айыпталушыларға айып тағылды.
Тергеу қорsтындысы айыпталушыларға келесі баптар бойынша айып тақты:
- Сотталушылар А. және Н. – адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша бұзақылық жасауы (ҚК 293-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы);
- Сотталушы К. – автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) (200-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ автокөлікке заңсыз кіріп, ұрлау (188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы);
- Сотталушылар А. және М. – адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша автокөлікке заңсыз кіргізу арқылы ұрлауы (ҚК 188-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы);
- Барлық сотталушылар алдын ала сөз байласу бойынша бір топ адамдар кәмелетке толмаған баланы оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып зорлады (ҚК 120-бабының 4-бөлігі);
«2023 жылдың 11 мамырында сотталушылар А. және Н. сауда үйінде темекі шегуіне ескерту жасаған В.-ға дене жарақатын келтірген. 2023 жылғы 29 мамырда сотталушы К. Hyundai автокөлігіне заңсыз кіріп, ақшасын ұрлап, иесіне миллион теңгеден астам шығын келтірген.
2023 жылдың 10 маусымында сотталушылар А. мен М. «Volkswagen» автокөлігіне заңсыз кіріп, сол жерден ұялы телефонын ұрлап, иесіне 130 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
2023 жылдың 11 маусымында жалдамалы пәтерде бір топ айыпталушы кәмелетке толмаған баланы зорлаған. Сотталушы А., жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттер жасаған» деп хабарлады Жоғарғы сот.
Сотталушылар өздеріне тағылған жеңіл, орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша кінәлі деп танылды.
«Сот Р.-ны 20 жылға бас бостандығынан айырды.
Қылмыс жиынтығы бойынша М. мен Н. 7 жыл 6 ай мерзімге, ал А. мен К. – 8 жыл бас бостандығынан айрылды.
Сотталушылар М., А., Н. және К. Қылмыстық кодекстің 81-бабының 7-бөлігінің кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру 10 жылдан асатын мерзім тағайындалуы мүмкін еместігі ескеріліп, жеңілірек жаза тағайындалды» делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетсек, бұған дейін қылмыс 2023 жылдың 12 маусымында жасалғаны хабарланған болатын. 13 жасар қызды жалдамалы пәтерде зорлаған. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар, бұрын қылмыс жасағаны үшін есепте тұрған.
Енді қыздың анасы қызын зорлады деп айыпталған оқушыларды ақтауды сұрайды.
Сот барысында жәбірленуші қыздың анасы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне, айыпталған мектеп оқушыларына жасалып жатқан әділетсіздікке назар аударуды сұрап, үндеу жолдағаны белгілі болды. Әйел қызы өтірік айтып, зорланбағандықтан, сотталушыларды ақтауды талап етті.
Сотталғандардың ата-анасы сот шешімімен келіспей, аппеляцияға бермекші.
Жаңалықтар
- Хайп пен қылмыс: Қазақстанда блогерлерге қатысты бопсалау істері көбейді
- Ақтөбе облысында автобус жүргізушісі жолаушыларды бала-шағасымен қоса айдалаға тастап кеткен
- Атырауда бастауыш сынып мұғалімі қаза тапты
- Қазақстанда халықтың қанша пайызы кедей? Статистика жарияланды
- Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасына халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді тапсырды
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Басты айыпталушы 25 жылға сотталды
- Иранның барлау министрі Исмаил Хатиб қаза болды
- ҚазТАГ басылымының басшысы Әсет Матаев ұсталды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Тоқаевтың бейбітшілік қажет деген пікірін қолдайды
- Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды
- Белгілі блогерлер Жанабыловтардың сотында куәгерлік етеді
- Грин-карта алу тәртібі өзгерді: Қазақстандықтар нені білу керек?
- Иранда «Росатом» қызметкерлері жұмыс істейтін АЭС аумағына снаряд құлады
- Куба президенті Трампқа қатаң жауап қатты
- Тапқан пайдасы мемлекетке қайтарылды: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық сотталды
- Жанабыловтардың адвокаты прокурорды заңды бұрмалады және БАҚ арқылы қысым көрсетті деп айыптады
- Бектенов жаңа Конституцияны жаппай таралыммен шығарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді
- Иран Лариджанидің өлімін растады, Израильге түнімен соққы жасалды — Таяу Шығыстағы жағдай
- Келінін құрыққа түсірген: Әзербайжанда президент отбасын бопсалаған адам ұсталды
- Заңсыз табыс — 128 млн теңге: Зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген микроқаржы ұйымы тергеліп жатыр