Оралда 25 жыл бұрын екі адамды өлтіргендерге сот үкімі шықты
Фото: Pexels
Оралда 25 жыл бұрын екі адамды өлтіргендерге сот үкімі шықты. Сот айыпталушыларды 15 және 19 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Orda.kz жергілікті «Менің қалам» басылымына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында 25 жыл бұрын болған қос кісі өлтіру ісіне қатысты сот үкімі жарияланды.
Айыпталушылар — 53 жастағы Асқар Батыров пен 50 жастағы Әлібек Сармағанбетов.
Сот үкіміне сәйкес, Батыров ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша кінәлі деп танылып, оған қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде 19 жыл жазасын өтеу тағайындалды. Ал Сармағанбетовке дәл осындай мекемеде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Екеуі де бұрын сотты болған.
Жәбірленуші тараптың азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды. Екі сотталушы жапа шеккендерге жалпы 30 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.
Еске салайық, бұл қылмыс 2000 жылдың жазында болған. Полиция мәліметіне зер салсақ, Ружейников көшесіндегі №9 үйдің маңында көлік ішінде екі ер адамға оқ атылып, олар оқиға орнында көз жұмған. 24 жылдан кейін Асқар Батыров өз еркімен полицияға келіп, жасаған қылмысын мойындаған.
Айта кету керек, полиция Әлібек Сармағанбетовті бұйрық берген адам деп танығанымен, ол өз кінәсін мойындамай отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық