Оралда 10-сынып оқушысы мектеп дәретханасында таяқтың астында қалды
Фото: newgrodno.by
Орал қаласының тұрғыны №9 орта мектептің 10-сынып оқушысы қызын мектеп әжетханасында ұрып-соққанын айтты. 22 қыркүйек қатарлас сыныпта оқитын қыз үзіліс кезінде құрдасын таяқтың астына алған.
— Алдымен бұл қыз менің қызымды басымен қабырғаға ұрады. Ол менен үлкенірек, бойы ұзын. Қызым еденге құлап, есінен танып қалады. Ал мына қыз оны ұрып, тепкілеп, үстіне отырып, басынан, бетінен ұра береді. Қазір қызымның миы шайқалып, беті көгерген, денесі сыдырылған. Ол Зачаганск қаласындағы балалар ауруханасына жатқызылды, - деді қыздың анасы Мой город басылымына.
Әйелдің айтуынша, кикілжіңге қатарлас сыныпта оқитын қыздың әлеуметтік желіде жариялау арқылы қызын кемсітіп, балағаттай бастағаны себеп болған.
— Қызым жай ғана оы жайына қалдыруды, ол туралы мұндай жазбалар жазбауды өтінген. Ол қыз тіпті менің қызымның суреттерін жариялады. Әділдік талап етемін, сол үшін ол қыз жазасын алса екен деймін. Бұл мектеп қабырғасында қалай болуы мүмкін? Бұл қыздың агрессивті болғаны сонша, ол: «Мен оны өлтірмегеніме рахмет айт», - дейді. Сұмдық емес пе?! Ол есепте тұрады, ештеңе болмағандай қыдырып жүреді, жазасыз қалатынын сезеді. Дәрігерлер тағы бір соққы алса - оның салдары өте өкінішті болады дейді, өйткені ол бала кезінде басынан жарақат алған, - дейді шырылдаған ана.
Мектеп әкімшілігі мұндай жағдайдың шынымен де оқу орнының қабырғасында болғанын хабарлады. Бұл ретте олар қақтығыстың екі жақтан да болғанын баса айтты.
— Балалар бір-бірін балағаттады. Мектебіміздегі жанжалды шештік, тиісті жұмыстар жүргізілді, басшылыққа хабарланды. Төбелес мектеп дәретханасында үзіліс кезінде болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Бізде бұрын мұндай жағдайлар болған емес. Екі отбасы берекелі, толыққанды, қыздар бізде бұрыннан оқиды, - дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наталья Марыксина.
Расталмаған ақпарат бойынша, жанжал жігіттің кесірінен болған. Полиция департаменті, денсаулық сақтау басқармасы және білім басқармасы бұл жағдайға кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық