Орал полигонындағы өрт бес күннен бері ауыздықталмай жатыр
Орал маңында ірі көлемдегі қалдықтарға арналған полигон бес күннен бері жанып жатыр. Адамдар ыстықта өрт пен түтіннің өткір иісінен терезелерді жабуға мәжбүр, деп хабарлайды «Мой город».
Орал қаласының әкімдігі 27 тамызда белгісіз біреулер түсті металл алу үшін кабельдерді өртеп жіберіп, өрт «Жайық таза қала» ЖШС карьерінің аумағына жайылғанын хабарлады. Құрғақ шөптер мен бұталар өртеніп, кейін жалын қоқысқа тараған. Шамамен жанған аумақ бір гектарды құрады.
31 тамызда БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Рашид Біләлов өрттің таралуы уақытша тоқтатылғанын, бірақ тұтану әлі жалғасып жатқанын айтты.
— 27 тамыздан бері «Жайық таза қала» ЖШС мен Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері екі ауысымда полигонды сөндіруде. Ауысымда «Жайық таза қала» ЖШС-нен – 38 техника мен 45 адам, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен – бес техника мен 25 адам бөлінді, - деді Рашид Біләлов.
Өрт сөндіруге 6363 тонна топырақ әкелініп, 2054 тонна су жіберілген.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары өрт сөндірушілер кабель жанған жерді тауып, бұл туралы Орал қалалық полиция басқармасына хабарлағанын атап өтті.
«Жайық Таза Қала» ЖШС полигоны 2003 жылдан бері жұмыс істейді, оның жалпы ауданы 10 гектар. Полигонға қатты тұрмыстық қалдықтар, ағаш бұталары мен жапырақтары, сонымен қатар қыста қаладан түскен қар шығарылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық