Қорғаныс министрлігі әскерге шақырту алып жатқан студенттер туралы түсіндірді
Фото: gov.kz
ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов заңды мерзімін кешіктіруге құқығы барлардың неге әскерге шақырту қағазын алып жатқанын түсіндірді.
Неге жас әкелер мен студенттер шақырту қағазын алып жатыр?
Біріншіден, Конституцияны кім жойды?! Мемлекетті қорғау міндетін атқару – әрбір азаматтың қасиетті борышы. 18 жастан асқан кез келген азамат әскери борышын өтеуге міндетті, бірақ ерекше жағдайлар бар. Кешіктіруді әскери комиссариат анықтайды. Жастарымыз тығылып, қашып жүрген жағдайлар көп. Заңды сақтау керек. Егер сізде кейінге қалдыруға құқығыңыз болса, сіздің балаңыз бар екендігі туралы құжатты әкеп беріңіз. Нәтижесінде сіз кешіктіруге болатын қағазды аласыз. Егер сіз университетке түскен болсаңыз және әскерді кейінге қалдыруға құқығыңыз болса, қағаз әкеліңіз. Уақтылы жергілікті әскери басқармаға құжаттарды тапсырыңыз. Ешқандай шақыртулар келмейді. Ал біз оның орнына ағаш арасына барып, тығыламыз. Неге?
Яғни, студент құжатымен келсе, оны алып кетпей ме?
Әрине. Бұзушылық фактілерін жоққа шығармаймын. Бірақ бұл жағдайда біз әрбір жағдаймен жеке айналысамыз. Жастар шынымен университетке түсіп, ҰБТ-ны жақсы тапсырып, оқуға түсіп қойған. Бірақ оны растайтын құжаттарды уақтылы тапсырмайтын кездер болған. Кейін біздің сайтқа кіріп, жағдайын айтып жатады. Өтінішіңізді жіберіңіз, біз сізге кейінге қалдыру құқығын береміз.
Қорғаныс министрлігі ақпарат алмасу үшін басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесе ме?
Әрине. Оның үстіне цифрлық Қазақстан аясында біз тұтас қосымша әзірледік. Әзірге тәжірибе жасап жатырмыз, алдағы уақытта аудандық әскери комиссариаттарға апарамыз. Жалпы, ешқандай проблемалар болмайды.
Нақты жағдай: адам мемлекеттік қызметте жұмыс істейді, шетелде магистратураға оқуға түскен. Бірақ әскерге шақырту алды. Не істеу керек?
Ол өзі енгізген құжатты ұсынуы керек. Міне, еш қиындығы жоқ. Егер ол мемлекеттік қызметте болса, бұл оның мерзімін кейінге қалдыруға құқығын бере ме? Жоқ. Сонда біз ғана қызмет ететін боламыз ба? Заңды оқы, сонда бәрі жазылған. Бұл әркім орындауға міндетті заң.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық