Оқушылар өлімі: Оқу-ағарту министрлігі шұғыл жиналыс өткізді
ҚР Оқу-ағарту министрлігінде облыс, аудан, қалалардың білім басқармалары басшыларының, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен балалардың қауіпсіздігіне арналған шұғыл жиын өтті.
Жиынға Қазақстанның бірнеше облысындағы мектептерде соңғы уақытта орын алған қайғылы оқиғалар себеп болды. Соңғы рет осындай жантүршігерлік оқиға жақында Алматы облысындағы ауылдардың бірінде болды. Мұнда мектеп оқушысының зорлық-зомбылық себебінен болған өлімінен кейін оның досы да өз өмірін қиды. Осыдан сәл бұрын Түркістан облысында оқушы белгісіз жағдайда қайтыс болды.
Берілген ақпаратты тыңдаған министр Ғани Бейсембаев Алматы және Түркістан облыстарында қаза болған оқушылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Министрлікте балалар құқығын қорғау, білім сапасын қамтамасыз ету, психологтар, полиция, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылды. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Жаңа ғана ішкі істер министрімен сөйлестім, құқық қорғау органдары да шұғыл шаралар қабылдауда», - деді Бейсембаев.
Министр тәрбие жұмысын күшейтуге және бұзақылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.
«Бүгінде әр мектепте қорлауды тоқтататын қажетті ресурстар бар. Ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесі, ақсақалдар кеңесі, әкелер кеңесі педагогикалық ұжымға көмекке келулері керек», - деді ол.
Жиын соңында министр мектеп оқушыларының өздеріне де сөз арнады.
«Егер зорлық-зомбылыққа ұшырап жатсаңыз немесе жәбірлеудің куәгері болсаңыз, дереу көмекке шақырыңыз. Біз әр облыста балалар құқығын қорғау жөніндегі өкілдер тағайындадық. Министрліктің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тәулік бойы қызмет көрсетуде», - деді сала басшысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық