Оқу-ағату министрі адамдарды құтқарған 11 мектеп оқушысын Астанаға шақырып, марапаттады
Балалармен кездесуге белгілі спортшылар мен өнер қайраткерлері шақырылды.
Оқу-ағату министрі Ғани Бейсембаевтың шақыруымен Астанаға 11 оқушы келді. Жігіттер алғыс хаттармен және лагерьге жолдамамен марапатталды, деп хабарлайды Білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Батыл оқушылар Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарынан келді. Олардың ең кенжесі – сегіз жасар Нұриддин Амантай үйдегі өрт кезінде әпкесін аман алып қалды. Әмірхан Абай, Нұрболат Ермағамбет және Сұлтан Малқажар батып бара жатқан досын судан алып шықты. Тоғыз жасар Жансерік Әлім өрт кезінде інісі мен қарындастарын аман алып қалды. Оразәлі Зиноллаев, Саян Есбол, Марал Ғаниев және Нұрболат Нұркелді де балаларды суға батып кетуден құтқарды.
Министр балаларға батылдық пен табандылықтары үшін алғыс білдірді.
— Адам өмірін құтқару – асқан ерлік. Мен біздің мектеп оқушылары арасында ғажап ерлік, батылдық пен ержүректіктің лайықты үлгілері барын мақтан тұтамын. Елімізде осындай мейірімді бала тәрбиелеп өсірген ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңызға алғыс айтамын, - деді Ғани Бейсембаев.
Балалармен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева, еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, қазақ дзюдошысы және самбошы Руслан Сейілханов кездесті. Батыр балалар мен олардың ата-аналарына министрдің алғыс хаттары, сонымен қатар энциклопедиялар, спорттық құрал-жабдықтар мен лагерьге жолдамалар табысталды.
Сонымен қатар, балалар үшін қызықты экскурсиялар мен кездесулер өткізілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық