Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың жаңа жұмыс орны белгілі болды
Сотталған оппозициялық саясаткер, тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай жұмысқа орналасты.
Бұған дейін сот оған азаматтық және журналистік қызметпен айналысуға тыйым салған болатын. Белсендінің қазір қайда жұмыс істейтіні туралы Orda.kz сайтынан оқыңыздар.
Оппозициялық саясаткердің жаңа жұмыс орны Алматы Менеджмент Университетінің құрылымдық бөлімшесі Alma School жеке кәсіпкерлік білім беру мектебі.
Мамай мектепте бір айдан бері жұмыс істеп, дамыту жөніндегі директор қызметін атқарады. Жұбайы Инга Иманбайдың айтуынша, ол алдағы уақытта да білім, ағарту саласында қызмет ететін болады.
«Менің жолдасым азаматтық бостандықтарына қойылған көптеген шектеулерге байланысты ешқандай саяси, азаматтық немесе журналистік қызметке, соның ішінде интернетте де айналыса алмайды. Оған кітап жазуға да тыйым салынған. Осыған орай, ол қазір білім беру саласында еңбек етуде», - дейді ол.
Белсендінің ағылшын филологиясы бойынша дипломы бар. Бірақ, Инга Иманбайдың айтуынша, жоғары білімі болса да, күйеуіне жұмысқа тұру қиын болған:
Жанболат Мамайдың Alma School жеке мектебіне жұмысқа орналасқаны білім ошағы қабырғасында өткен салтанатты шаралардың бірінде белгілі болды.

20 қазанда аталған мектепте жазушы Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана, мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев атындағы мәжіліс залы, сондай-ақ Қазақстанның халық әртісі, композитор Ескендір Хасанғалиев атындағы мәжіліс залы ашылды.
Естеріңізге сала кетейік, 10 сәуірде Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотында 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды» деген айып тағылған, тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамайға үкім шығарылған болатын. Пробациялық бақылау орнатылып, алты жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған саяси қызметпен, журналистикамен, публицистикамен айналысуға, қоғамдық бірлестіктер жұмысына қатысуға тыйым салынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық