Оппозициядан сескенген Сирия сарбаздары Иракқа кетті
Фото: freepik.com
Сирия астанасын қарулы оппозиция бақылауына алғаннан бері елдің 4 мыңнан астам жауынгері Ирак аумағына өтіп кеткені мәлім болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сириялық сарбаздар көрші елге кетіп, қаруларын, оқ-дәрілері мен брондалған көліктерін тапсырған. Олар уақытша лагерьлерге орналастырылды.
Ал сириялық босқындар Түркиядан еліне кетіп жатыр. Башар Асад режимі құлағалы еліне оралуға асыққан сириялық босқындардың қарасы көбейген. Дүйсенбі күні Сирияның шекара бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Әсіресе, Ливан және Түркиямен шекарада босқындардың саны көп.
2011 жылы азаматтық соғыс басталғаннан бері 6,7 миллионға жуық сириялық елден көшіп кеткен. Олардың дені Түркия, Ливан және Иорданияда тұрады.
Еске салайық, 8 желтоқсан күні Сирияда үкіметке қарсы қарулы топтар ел астанасы Дамаскіні басып алды. Президент Башар Асад елден қашты. Асад режиміне қарсы қарулы топтар жергілікті телеарнадан мәлімдеме жасап, Дамаскіні «азат еткенін» және президент Башар Асад үкіметін құлатқанын мәлімдеген. Елден қашқан Башар Асад Мәскеуді паналады. Оның Мәскеуде 20 шақты пәтері бары анықталды.
Жаңалықтар
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астана қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді