«Оператор РОП» ісі: Астанада компанияның бұрынғы құрылтайшысының соты өтті
10 қазанда елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында «Оператор РОП» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтароваға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті.
Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының 3-бөлігі бойынша «Қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы» және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы «Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осылайша, Мұқтарова аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінді.
Адвокаттың өтініші бойынша сот сурет пен бейнежазбаға түсіруге тыйым салды. Сондай-ақ қорғаушылар Мұқтарованың бұлтартпау шарасын жұмсартуды сұрады. Алайда сот одан бас тартып, әйел қамауда қалды.
Бұл іс бойынша негізгі сот 20 қазанда басталады, өйткені РОП операторының бұрынғы басшыларының соты кезінде Мұқтарова халықаралық іздеуде болды.
5 шілдеде БАӘ уәкілетті органдары Интерполдың көмегімен Мұқтарованы Дубайда ұстап, қамауға алды. Содан кейін ол Қазақстанға экстрадицияланды.
Бұған дейін сотта компанияның экс-менеджерлері «Оператор РОП» ЖШС-нің нақты құрылтайшысы Әлия Назарбаеваның үй шаруасындағы қызметкері Мұқтарованың айтуымен шешім қабылдағанын алға тартқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық