Оператор 100 метрге жүгірушілерді шаң қаптырды (видео)
Әдетте кадрдан тыс жұмыс істеп, халыққа қызықты бейнелер сыйлайтын оператор бұл жолы өзі кейіпкерге айналды. Жұртты таң қалдырған желаяқ оператордың бейнетүсірілімі әлеуметтік желіде жылдам таралып кетті.
Әлеуметтік желіде камера ұстаған оператордың 100 метр қашықтыққа жүгірушілерді шаң қаптырып, жеткізбей келе жатқан видеосы тарады.
Оқиға Қытайдың Шаньси провинциясында болған, оператор жеңіл атлетикадан университеттер арасындағы чемпионатты түсіруге келген. Видео TRT телеарнасының Facebook парақшасында жарияланды.
Өз ісінің шебері осы сәтте қызықты бейне түсіруден басқа ештеңе де ойламаған болар. Дегенмен көзі қарақты көрермен қызықты сәтті қалт жібермегені анық.
Камера ұстаған жігіт қолындағы техниканың салмағы төрт келіден асатынына қарамастан, жылдамдығы жағынан спортшыларға дес бермей, қашықтықтың соңына дейін жүгірді.
Ең қызығы көрерменнің көпшілігі оны жарыстың жеңімпазы деп санайды. Қолданушылардың бірі видео кейіпкері келесі жолы жарысқа ресми түрде қатысу керек екенін де жазды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық