Опера және балет театры директорының қызметінен босатылғаны наразылық тудырды

cover ORDA.

Бейсенбі, 18 ақпан күні Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының директоры Ая Калиева қызметінен босатылды, деп хабарлайды ORDA.

Театр ұжымы "заңсыз шешіммен келіспейтіндігін" білдіру үшін шұғыл баспасөз конференциясын өткізді. Ұжымның айтуынша, жұмыстан босату туралы бұйрықты министр жеке өзі ұсынбай, пошта арқылы жіберген.

Бірінші сөз экс директор Ая Калиеваға берілді:

Ая Калиева

«Мен бүгін сіздермен қоштасып, алғыс айту үшін кездесуді ұйғардым. Ертең министр келеді. Ол кезде мен басшы ретінде жұмыста болмаймын. Менің ойымша, қандай да лауазымның адамы болсын қызметтен бұлай босату дұрыс емес және лайықсыз. Барлық процесстер корректті өту керек. ҚР Еңбек кодексінің заңнамасын бұзатын бұйрықты алған кезде, мен бұл туралы ашық айтуды шештім. Менің бүгінгі күнге келісімшартым ұзартылған және 2020 жылы ол мерзімсіз қолданысқа ие болды. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу себептерін түсіндірместен және құжат тіпті министрдің емес, вице-министрдің қолымен келуі таңқаларлық жағдай деп санаймын».

Экс басшы шешіммен толық келіспейтін себебі, оның айтуынша театрдың жаңғыруы басталып, бухгалтерия жүйесі қалпына келген кезде оны түсіндірусіз қызметтен босатуы.

«Өте күрделі бухгалтерлік жүйе болды. Маған жұмыс істеу өте қиын болды, өйткені ағындардың барлығын үйлестіруге мүмкіндік бермейтін ескірген жүйе өзгерістер талап етті. Бүкіл 2019 жыл осы ағындарды теңестіруге, түсінуге, бақылауға жұмсалды».

Шұғыл баспасөз-конференциясында театр ұжымынан экс басшыға көптеген жылы сөздер, қолдау айтылды. Олардың қатарында өз пікірін театр қызметкері Болат Бөкенов, опера группасының солисі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері де білдірді:

Болат Бөкенов

«Біраз уақыттан бері біздің театрды жайсыз жағдайлар мазалап келеді. Біз бүгінгі жағдайдан не түсінеміз? Менің түсінетінім бұл белгілі бір топтын белгілі нәрсеге қызығушылығы, болмаса соған ерегісуі. Біздің Абай атындағы опера және балет театры бұрынғы әруақтардың маңдайының тері тамған, табанының ізі қалған киелі театрды мазалау болуда. Бұл біздің ұжым үшін өте қиын жағдай. Мен сіздердің көңілдеріңізді киелі театрдың жағдайына аударғым келеді. Менің коллективтің атынан сұрарым, БАҚ өкілдері арқылы біздің жағдай туралы президент, мәдениет және спорт министірлігіне мәлім болса. Біздің театрымызға қол сұғуды тоқтатуды өтінемін».

ORDA. редакциясының журналистінің «сізді қыспаққа алу бухгалтерияға байланысты деп ойлайсыз ба?» деген сұрағына Ая Калиева нақты жауап бермеді. Директор ешкімді айыптағысы келмеді.

«Иә, бухгалтерияда белгілі түсініспеушіліктер болды. Ақшаның белгісіз заттарға жаралу фактілері де тіркелді. Бірақ бұл мені қызметтен босатудағы басты пункт деп айта алмаймын», - деп жауап берді.

Театр ұжымы, сондай-ақ, жаңа басшы лауазымына Қанат Қаражановтың отыруын үйлесімсіз шешім деп атады.

Әлия Темірбекова бас хормейстер, Құрмет орденінің кавалері бұл наразылықты нақты фактілермен түсіндірді:

Әлия Темірбекова

«Бұл кісінің (ред. Қанат Қаражанов) жоғары білім туралы дипломы түсініксіз. Біріншіден, ол бітірген Жамбыл облысындағы ЖГТУ университеті жабылып қалған. Біз ол кісінің осы жоғары оқу орнында оқығаны туралы фактілер таппадық. Ол кісінің сабаққа, сессияға қатысқаны туралы мәлімет жоқ. Екіншіден, Қанат Қаражановтың мамандығы орыс тілі және әдебиет. Бұл кісі бізге не бере алады деп ойлайсыздар?».

ORDA. редакциясы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жаңа басшысы Қанат Қаражановпен байланысып комментарий сұрады:

«Мен шешім туралы қазір ғана білдім. Маған приказ берілді, мен қызметімді атқарамын. Ұжымның наразылығына келетін болсақ, ол туралы сізден енді естіп тұрмын».

Редактордың «Сіз Ая Калиева туралы не ойлайсыз?» деген сұрағына жауап бергісі келмеді.

ORDA редакциясы ешкімді жақтап, ешкімнің сөзін сөйлемейді. Десек те, бүкіл театр ұжымының пікірін сұрамай басшылық ауыстыру қате көрінеді...

Театр ұжымы өз басшыларын қалдыру үшін мәдениет және спорт министірі Ақтоты Рахматулаевнаға, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Зайруллаевичке, тіпті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевке өтініш-хат жолдады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар