Оңтүстік Кореяда жарияланған әскери жағдай «жарамсыз» деп танылды
Фото: Видеодан алынған кадр
Кеше, 3 желтоқсан күні кешке Оңтүстік Корея президенті елде әскери жағдай енгізген еді. Бірақ парламенттегілер қарсылық танытып, әскери жағдайды алып тастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеше ел президенті Юн Сок Ёль КХДР-дың «жақтастарымен күресу» мақсатында осындай шара қабылдағанын хабарлаған едік. Төтенше әскери жағдайдың енгізілуіне наразылық білдіруші халық парламент ғимаратының маңына жиналды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, елде саяси қызметке, парламент пен саяси партиялардың жұмысына тыйым салынған.
Кейін Оңтүстік Кореядағы төтенше жағдайға байланысты Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады. Елшілік Корея Республикасы Президенті Юн Сок Ёльдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан азаматтарын сабырлылық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырды.
ҚР азаматтары үшін төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел байланыс үшін +8210-6572-9311 телефоны арқылы Елшілікке хабарласуды сұрады.
Оңтүстік Кореядағы наразылыққа байланысты парламент төтенше әскери жағдайды алып тастады.
Парламенттің елдегі әскери жағдайды жою туралы шешіміне Оңтүстік Корея президентінің бағынбауы қылмыс болып саналады. Оңтүстік Корея оппозициялық партиясының төрағасы осылай деп мәлімдеді. Корея Республикасының Ұлттық ассамблеясы әскери жағдайды алып тастауды талап етіп, дауыс берді. Конституцияға сәйкес, парламент депутаттарының көбі талап етсе, соғыс жағдайы алынып тасталуы керек. Мәләметтерге сүйенсек, әскери жағдайдың күшін жоюға 190 депутат дауыс берген. Осыдан кейін парламент спикері У Вон Сик әскери жағдайды «жарамсыз» деп жариялады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық