Оңтүстік Кореяда экс-президент Юн Сок Ёльдің жұбайы қамауға алынды
Фото: Yonhap
Бұрынғы бірінші ханымға парақорлық және акциялар арқылы алаяқтық жасады деген айыптар тағылып ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz
Yonhap агенттігінің мәліметінше Сеул соты арнайы прокурордың өтініші бойынша оны қамауға алу туралы ордер берді.
Сот оны айғақтарды жасыруы немесе жоюы мүмкін деп санаған. Тергеу нұсқасы бойынша, Ким Гон Хи заңсыз табыс алуға мүмкіндік беретін бағалы қағаздармен алаяқтық жасаған.
Сонымен қатар, оған байланыстары мен ресурстарын пайдаланып сайлау нәтижесіне әсер етуге талпыну, сондай-ақ саяси қызмет көрсету үшін қымбат сыйлықтар алу айыптары тағылған.
Ким Гон Хи айыптаулардың барлығын жоққа шығарады.
2024 жылдың 3 желтоқсанында Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізуге тырысқан. Бұл жаппай наразылық тудырып, ақыры импичмент жарияланды.
Ол шамамен екі ай қамауда болды, кейін босатылды.
2025 жылдың шілдесінде Сеул соты бұрынғы президентті қамауға алу туралы тағы да ордер берді. Юнға заңсыз әскери жағдай енгізу, бүлік ұйымдастыруға талпыныс және қызмет бабын асыра пайдалану айыптары тағылған.
Бұл үшін оған өлім жазасына дейінгі қатаң жаза қолданылуы мүмкін.
Жақында Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Ли Чжэ Мён Қасым-Жомарт Тоқаевты Сеулге шақырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық