Оңтүстік Корея зауытынан шетелдіктердің 20-дан астам мәйіті табылды
Фото: Yonhap
Өрт сөндірушілер мен полиция Оңтүстік Кореядағы аккумулятор зауытынан 20-дан астам мәйіт тапты, олардың арасында шетелдіктер де болуы мүмкін.
Бұл турлы Yonhap ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10.31-де Оңтүстік Корея астанасынан оңтүстік-батысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан Хвасон қаласындағы ARICELL өндірістік алаңында өрт шыққан. Өрт шыққан зауыттың үшінші корпусында 35 мыңнан астам дайын литий батареялары сақталған. Өрт 4,5 сағаттан кейін ғана сөндірілді, содан кейін құтқарушылар іздеу жұмыстарын бастап, оқиға орнынан 20-дан астам мәйіт тапты.
Зардап шеккендерді іздеу жалғасуда.
Бұған дейін өрт сөндіру қызметі ARICELL зауытында өрт шыққаны туралы хабардан кейін осы кәсіпорынның 23 қызметкері қоңырауларға жауап беруді тоқтатқанын хабарлаған. Олардың ішінде 20 шетелдік және екі Оңтүстік Корея азаматы бар. Оның үстіне ұялы телефондарынан соңғы сигналдар зауыт маңындағы аумақтан келген.
Биліктің мәліметінше, үшінші ғимараттың бірінші қабатындағы жұмысшылардың барлығы эвакуацияланған, ал екінші қабаттағылардың көпшілігі қашып шыға алмаған. Сондықтан өрт кезінде байланысу мүмкін болмаған 23 адам екінші қабатта болған деген болжам бар.
Өрт болған ғимаратта барлығы 67 адам жұмыс істеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық