Оңтүстік Корея президентінің әйелі де күдікке ілінді
Фото: Samir Hussein / WireImage
Оңтүстік Кореяның ұлттық ассамблеясы пленарлық отырыста Юн Сок Ёльдің әйелі Ким Гон Хиді тергеу үшін арнайы прокурор тағайындау туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Заң жобасын 282 заң шығарушының 195-і қолдады. 85 адам қарсы дауыс берді. Екеуінің дауысы есептелмеді.
Оппозиция дәл осы заң жобасын 7 желтоқсанда өткізуге тырысқан, бірақ сол жолы құжат қабылдауға қажетті дауыс жинай алмаған. Мәліметтерге қарағанда, оппозиция елдің бірінші ханымын құнды қағаздар нарығында алаяқтық жасады деп айыптап отыр. Юн Сок Ёль мен Ким Гон Хи 2012 жылы үйленген.
Сонымен қатар Ұлттық ассамблея бейсенбідегі отырысында президент Юн Сок Ёльдің әскери режим жариялауына қатысты істі тергейтін арнайы прокурор туралы заң жобасын да мақұлдады.
Оппазиция президент Юнның кезінде бас прокурор болғанын ескеріп, іс әділ қаралмай қалмауы үшін барын салып жатыр.
Бүгін, 12 желтоқсан күні президент Юн кезекті телеүндеу жасап, қызметтен кетпейтінін, аяғына дейін күресетінін, бүлік туралы айыптарды жоққа шығаратынын мәлімдеген.
Жаңалықтар
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға
- Тоқаев ТМД елдерімен радиация бойынша дерек алмасу туралы заңға қол қойды