Оңтүстік Корея президенті прокуратура шақыртуын елеусіз қалдырған

cover Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяда биліктен уақытша шеттетілген президент Юн Сок Ельді прокуратура жауап алу үшін шақырды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Прокуратура Юн Сок Ельге осымен екінші рет шақырту жіберген. Президент бірінші шақыртуды елеусіз қалдырған. Егер президент 21 желтоқсанға дейін прокуратураға бармаса, оны тұтқындауға ордер беру мәселесі қаралмақ.

Прокуратурадан бөлек Оңтүстік Корея полициясы, жоғары мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасы мен қорғаныс министрлігіндегі тергеу бөлімінің өкілдері бірлескен тергеу тобы да Юн Сок Ельді жауап алуға шақырған.

Еске салайық, бұған дейін Оңтүстік Корея президенті елде әскери жағдай орнатып, басы дауға қалған еді. Алайда 190 депутат бұл шешімге қарсы дауыс беріп, 6 сағатқа жетпей оны алып тастауға мәжбүр болды.
Оңтүстік Корея парламенті екінші рет дауыс беруден кейін президентке импичмент жариялады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар