Оңтүстік Корея президенті әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрады
Фото: © AP Photo / Chung Sung-Jun
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл ел ішінде наразылық тудырған соғыс жағдайын енгізгені үшін халқынан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Orda.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар ол енді мұндай қадамға бармауға уәде берді.
«Мен халқымнан шын жүректен кешірім сұраймын, жұртшылық бұл шешімге қатты таң қалды», - деді Юн Сок Ёл парламент импичмент туралы дауыс беруден бірнеше сағат бұрын халыққа арнап сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, мұндай шара мәжбүрлі түрде жасалған.
«Мен осы әскери жағдайды жариялауға қатысты жауапкершіліктен қашпаймын», - деп ант берді Юн Сок Ёл.
Ол барлық шешімдерді, соның ішінде елді тұрақтандыру үшін оның қызметтегі қанша уақыт болатынын шешуді өзінің «Халық қуаты» партиясына тапсыруға уәде берді.
Естеріңізге сала кетейік: 3 желтоқсан күні кешке Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл әскери жағдай жариялады. Бұл шешім оппозициялық Демократиялық партия парламентте бюджетті қысқарту туралы заң жобасын қолдап, мемлекеттік аудитор мен бас прокурорға импичмент жариялау туралы өтініш бергеннен кейін қабылданды. Алайда Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясы елде әскери жағдай енгізуге қарсы дауыс берді.
Дауыс беру кезінде Ұлттық ассамблея ғимаратының жанында әскери жағдайды жоюды талап еткен азаматтар, әскерилер мен полиция арасында қақтығыс болды. Сеул көшелерінде әскери техника пайда болды. Кейінірек президент Юн Сок Ёл әскери жағдайды алып тастайтынын мәлімддеді. Оның айтуынша, жақын арада министрлер кабинетінің отырысы өтеді.
Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрі Ким Ён Хён президент Юн Сок Ёлдің әскери жағдай жариялауына толық жауапкершілікті өз мойнына алып, барлық әскери әрекеттер оның басшылығымен өткенін растай отырып, отставкаға кететінін мәлімдеді.
Ал, Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі Қазақстан азаматтарына ағымдағы жағдайға байланысты хабарлама таратты. Азаматтарымызды сабырға шақырып, жергілікті биліктің ұсыныстарын мүлтіксіз орындауға және қоғамдық шараларға қатысудан аулақ болуға шақырды.
Кейін полиция Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёлға қарсы мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен тергеу бастады.
Жаңалықтар
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды