Оңтүстік Корея елдегі орман өртін – ұлттық апат деп жариялады
Фото: Pixabay
Елдің оңтүстік-шығыс бөлігін өрт шарпып, Оңтүстік Корея халқын әбден әбігерге салды, деп хабарлайды Orda.kz.
Кёнсан провинциясының Санчо округі Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырымдай жерде орналасқан. Сол жерде жұма күні басталған өрт қазір басқа аймақтарға тарап кеткен.
Бүгінге дейін төрт адам қаза тауып, 10 адам жараланды, оның бесеуі ауыр жарақат алды. Бір жарым мыңға жуық адам қауіпті жерлерден уақытша баспаналарға көшірілді. Үкімет елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде ұлттық апат режимі енгізілгенін хабарлады.
«Ауа райының құрғақ болуына байланысты орман өрттері үлкен аумақтарға тез таралып, адамдардың өміріне қауіп төндіруде. Өрт салдарынан өрт сөндіру қызметінің төрт қызметкері қаза тапты», - деді Төтенше жағдайларды басқару орталығы басшысының орынбасары Ли Хан Кен.
Ол өрт сөндірушілерге өртті тез арада ауыздықтау үшін барлық мүмкіндіктерді қолдану тапсырылды. Өртті сөндіруге 30-ға жуық тікұшақ тартылған.
Табиғат апатынан зардап шеккен аймақтарда пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылып, жоғары жылдамдықты тас жолдар жұмыс істемейді. Барлығы 3286,11 гектар жер өртенді, бұл шамамен 4600 футбол алаңына тең.
Оңтүстік Кореяда танымал ұлттық саябақтар, көрнекті орындар мен храмдар маңындағы орындар да өртеніп жатыр. Осыған байланысты көптеген туроператорлар туристерге жағдайды бақылап, өрт ошақтарына жақын аймақтарға бармауды ұсынуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық