Оншақты ел өз азаматтарын Украинадан кетуге шақыруда
Алдағы соғыс қимылдары туралы ақпарат барысында 20-ға жуық мемлекет өз азаматтарын Украинадан шұғыл түрде кетуге шақыруда.
Украина аумағынан кетуге шақырулар соңғы 24 сағатта көбейе түсті. Ресей мен Украина арасындағы ықтимал соғыс қимылдары туралы хабарлар көптеген елдерде алаңдаушылық туғызуда.
— Ағымдағы жағдайды ескере отырып, сақтық шаралары үшін біз өз азаматтарымызға қолжетімді коммерциялық рейстермен елден уақытша кетуге, сондай-ақ Украинаға маңызды емес сапарларды кейінге қалдыруға кеңес береміз, - деді Италия елшілігі 12 ақпан күні түстен кейін.
Италиядан басқа, Швеция, Чехия, АҚШ, Нидерланды, Жапония, Оңтүстік Корея, Израиль, Черногория, Норвегия, Латвия, Ұлыбритания, Эстония, Канада, Бельгия, Жаңа Зеландия, Австралия, Финляндия және Германия және тағы да басқалары азаматтарына Украинадан кетуді ұсынуда.
Ресей елшілігінің қызметкерлері де Украинадан кетіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Соңғы уақытта интернетте Украина мен Ресей шекарасындағы алдағы қақтығыс туралы көптеген хабарламалар пайда бола бастады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Ресей тарапы болжамды әскери іс-қимыл орнына әскери техника мен адамдарын тартуда. Әзірге әскери қимылдар туралы ресми расталған ақпарат жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық