Ономастикалық комиссия Сара Назарбаева ашқан институт атауын өзгертуге рұқсат берді
Республикалық ономастикалық комиссия экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауын өзгертуге рұқсат берді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Келесі мемлекеттік нысандардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың ұсыныстары бойынша атауларын өзгерту туралы оң қорытынды берілсін: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұсынуы бойынша (... ) «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» ендігі жерде «Өркен» балалар салауаттылығы ұлттық ғылыми-тәжірибелік институты» болып өзгертілсін» делінген Республикалық ономастикалық комиссия қорытындысында.
Комиссия сондай-ақ бірқатар атауларды өзгертуге рұқсат берді:
- Рудный индустриалды институтын - Рудный индустриалды университетіне;
- Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас Ұлан» мектебін - Бауыржан Момышұлы атындағы әскери колледжге;
- Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Якупбекұлы Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас Ұлан» мектебін - Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледжге;
- Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебін - Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжіне;
- Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оқу орталығын - Ішкі істер министрлігінің Оқу орталығына;
- Электр энергиясы нарығының қазақстандық операторы – Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы деген қазақ тіліндегі толық атауға көшті
Айта кетейік, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты бұған дейін «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мұғалімдер «біліктілігін арттыра алатын» мекеме ретінде жарияланған болатын, оның да авторы Сара Назарбаева.
«Адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғырту жобасы» ретінде белгіленген пән бұған дейін Қазақстан мектептері үшін міндетті пәндер тізімінен шығарылған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық