Онлайн түрде 60-тан астам нотариалды куәландырылған сенімхаттары берілді
Қазақстанда нотариалды куәландырылған сенімхаттар беру онлайн қызметі іске қосылғаннан кейінгі алғашқы екі күнде 60-тан астам адам бұл қызметті пайдаланып үлгерді.
Қазақстандықтардың өмірін жеңілдетуге арналған жаңа «цифрлық» бастамалардың жағдайы Үкіметте өткен жиында талқыланды. Мәселен, биыл республикада мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру арқылы азаматтардың іскерлік және тұрмыстық мәселелерін шешуді жеңілдететін 66 «цифрлық» бастаманың пулы жүзеге асырылуда.
Ол үшін тек смартфон және оған орнатылған eGov Mobile қолданбасы қажет. Сонымен, екі күн бұрын нотариалды куәландырылған сенімхаттар беру қызметі іске қосылды.
«Банктер бұл қызметке қызығушылық танытуда. Қазір біз техникалық жағынан жетілдіруге жұмыс істеп жатырмыз. Біздің есептеуіміз бойынша, бір айдың ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында «онлайн нотариус» қызметі пайда болуы мүмкін. Біз нотариустармен және азаматтармен де кері байланыс жүргіземіз, қазірдің өзінде алғашқы оң пікірлерді алып жатырмыз», - деді Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков.
Жиында Ішкі істер министрлігі де 8 «цифрлық» бастаманы жүзеге асырып жатқаны айтылды. Оның ішінде: жалған нөмірлерден келетін қоңырауларды блоктау (34 миллион қоңырау бұғатталды), автокөліктерді онлайн қайта тіркеу (қызметті 3,7 миллион азамат пайдаланды), жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру (қызметті 122 мың азамат алды) іске қосылды.
Қазіргі уақытта жоспарланған «цифрлық» бастамалардың 41-і толық немесе пилоттық режимде азаматтарға қолжетімді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық