Онлайн оқу: Түркістанда ноутбук сатып алу кезінде 2,5 млрд қолды болды
Түркістан облысында қашықтықтан оқытуды ноутбукпен қамтамасыз ету кезінде 2,5 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған.
Мұндай ақпаратпен Түркістан облысының қаржылық мониторинг агенттігі бөлісті. «МТ-Сервис» ЖШС басшысы мен облыс әкімдігінің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша күдікке ілінді. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергеліп жатыр.
«Қазақстан Республикасының білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында мемлекеттен коронавирустық пандемия кезінде мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту үшін ноутбук сатып алуға қаражат бөлінді.
«МТ-Сервис» ЖШС директоры Түркістан облысы әкімдігімен жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеден астам 21 мың ноутбук жеткізу туралы келісімге қол қойған. 2,5 млрд теңгеге бағаланған тауар тапсырыс берушінің техникалық талаптарына сәйкес келмеген.
«Қазіргі уақытта кәсіпорын директоры Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес қамауға алынып, тергеу соты оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда» делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, пандемия кезінде әлем елдерінің оқушылары мен студенттері қашықтықтан оқыды. Қазақстанда білім беру ұйымдары мектеп оқушылары үшін 220 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық