Оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге кезексіз 20 гектар жер беріледі
Енді оңтүстіктен солтүстікке көшкен қазақстандықтар мен қандастарға өз кәсібін жүргізуге кезексіз 20 гектар жер беріледі. Бұл туралы Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов хабарлады.
Ілияс Испановтың айтуынша, биыл оңтүстіктен солтүстікке 7 550 адам көшкен. Оның 1 200-і – қандас, тек 76 адам оңтүстікке кері қайтқан.
- Солтүстіктен көшіп кеткен 33 адамға сол жақтың климаты, ал 30 адамға солтүстіктен тапқан жұмысы ұнамаған. Енді биыл солтүстікке көшіп барған азаматтарға өз шаруашылығын жүргізуге кезексіз 20 гектарға дейін жер беру мәселесі заң жобасында тұр, - деді Ілияс Испанов ОКҚ-да өткен брифингте.
Сонымен қатар, ол бұрын солтүстікке көшіп барған қазақстандықтар мен қандастарға 40 сотық және 1 гектар жер беріліп келгенін еске салды.
- Енді шаруа қожалығын жүргізуге 20 гектар жер беріледі. Бірінші 5 жылда жер жалға беріледі. Егер 5 жылда ол өзі ойлаған межеге жетіп, кәсібін дамытса, онда жер 49 жылға жалға беріледі, - деді ол.
Заң жобасы депутаттардың қарауында жатыр.
- Өзгеріс күшіне енген жоқ. Біз ұсыныс енгіздік. Қазір заң жобасы депутаттардың қарауында жатыр. Заң жаңа жылдан кейін күшіне енуі керек. Көктемгі егіс жұмыстары басталғанға дейін өзгерісті күшіне енгізуге тырысамыз, - деді Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық