Қонаевтың туысы Қапшағай атауын өзгерту туралы пікір білдірді
Қонаевты фабрикадағы жұмысшылардың өмірі мен еңбек жағдайы туралы сқрастыруда / фото: Қонаев атындағы қор
Қапшағай қаласының атауын өзгерту және оған облыс орталығы мәртебесін беру туралы шешімге қатысты Дінмұхамед Қонаевтың жақын туысы пікір білдірді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың немере інісі Эльдар Қонаев Қапшағайдың атын өзгерту Алматыға жақсы әсер етеді деп есептейді.
— Бүгін біз үшін маңызды күн – ел президенті өз шешімін халыққа жолдап, Қапшағай қаласын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне қайта атауды ұсынды. Біздің ғана емес, жұртшылықтың да арманы орындалды. Шыны керек, біз президенттен мұндай ұсынысты күткен жоқпыз. Бірақ бұл орынды шешім деп санаймыз. Өйткені Қапшағайда облыс орталығын құру Алматыға және қала агломерациясына оң әсер етеді,- деді ол.
Эльдар Қонаев осыдан 18 жыл бұрын Қапшағай қала әкімшілігі мен Д.А.Қонаев халықаралық қорының қолдауымен саясаткердің 1970 жылы қаланың іргетасын қалауға тікелей атсалысқандықтан, қалада оның құрметіне ескерткіш орнатылғанын айтты.
— Алматы алғашында Қапшағайға қарай дамуы керек еді. Бастапқыда сондай жоспар болған,- деп атап өтті Эльдар Қонаев.
Қонаевтың жиенінің пікірінше, Алматы облысын екіге – Жетісу мен Алматы облысына бөлу – Тоқаевтың маңызды ұтымды шешімдерінің бірі.
— Мен өзім де бір кездері Алматы облысының әкімдігінде жұмыс істедім. Кейін Талдықорғанға көшуге мәжбүр болдым. Ол жақта жұмыс істеуге физикалық мүмкіндігім болмағандықтан Алматыға оралдым. Облыстың бөлініп, екі облыс орталығының құрылуы қалалар мен Алматы тұрғындарына жақсы әсер етеді деп ойлаймын, – дейді Эльдар Қонаев.
1994 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Тау-кен ісі институты, Шығыс Қазақстан облысының Лениногор полиметалл комбинаты, Алматы қаласындағы көшеге (бұрынғы Карл Маркс) және үй -мұражайына Қонаев есімі берілді.
— Комбинат баяғыда жабылды. Көшені қазірдің өзінде жаңаша атап, үйреніп қалды. Бірақ ұзақ уақыт бойы олар Карл Маркс деп атады. Содан кейін міне, облыстық маңызы бар қала атауы берілді. Бұл шешім үшін президентімізге алғысымыз шексіз, - дейді Эльдар ағамыз.
Саясаткердің көзі тірісінде 1992 жылы ашылған туыстары басқаратын «Халықаралық Дінмұхамед Қонаев атнындағы қор» коммунистік партия Орталық комитетінің бірінші хатшысының мұрасын белсенді түрде қолғайды.
Биыл Дінмұхамед Қонаев мұражайы қайта жөндеуден өтті: мұражай саясаткердің балауыз мүсінімен және интерактивті тақталармен жаңартылды
— Қайта жөндеу аяқталды. Бірақ мұражай әлі жабық – біз жаңа қала әкімінің қатысуымен ресми ашылуын күтудеміз. Ол бізге уақыт тауып, қайта қалпына келтірілген мұражайды салтанатты түрде ашады деп сенеміз, – деп түйіндеді Эльдар Қонаев.
Еске салсақ, 16 наурыздағы Қазақстан халқына кезекті жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай қаласына Қонаев есімін мен облыстық маңызы бар мәртебе беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бір сағаттан кейін 2500 қол жинаған қаланың атын өзгертуді қолдайтын петиция пайда болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық