Омар Жәлел екі баласын тастап, бақуатты келіншектің қолына кіріп алған
Белгілі ғалым, қазақтың «бас биі болып сайланған» Омар Жәлел екі баласын әйелімен қаңғыртып қойды деген ақпарат ғаламторда қызу талқыланып жатыр.
Омар Жәлел отбасын тастап, басқа әйелдің қолына кіріп алды деген ақпаратты бизнес-тренер Ахметбек Нұрсила өзінің Facebook парақшасында жариялады.
Онда кәсіпкер өзіне жолданған хатты автордың өтініші бойынша жариялап отырғанын жеткізген. Хатта Омар Жәлелдің екі баласын тастап, бай-қуатты келіншектің қолына кіріп алғаны айтылған.
«Омар тілі шыға қоймаған екі баласын әйелімен қаңғытып қойып, үй-күйі бар, бизнесі дамыған бір келіншектің қолына барып тұрып жатыр. Титтей балаларын жылатып қойып, бақытты отбасы жайлы айтып жүргенін көрсем, қалай «би» болып жүр деп ойлаймын. Екі баланың анасы күйзеліске түсіп, қазір эссенциялық психологиядан хабары болғандықтан екі баласын етегінде ертіп жүріп, есін жиды. Омар балаларын қаңғытып қойып, басқа халыққа «бисымақ» болғанына таңым бар. Өзі дайын, ыңғайлы қонысқа шауып жүріп, елге қандай бата бермекші?! Тек өсіп-өнген, бала-шағасын қаңғытпай ұйытып отырған адам ғана елдің алдында би болуға құқы бар. Ал, Омар өте қу адам. Абайдың сөздерін жаттап алып, көзімен манипуляция жасап, адамдардың миын айналдырып өз күнін көріп жүрген адам» делінген хатта.

Мұндай әңгіменің жиі айтылып жүргенін Ахметбек Нұрсила да растайды. Ол қазақтың «биі» болып сайланған әрі бақытты отбасы болудың құпиясын айтып жүрген Омар Жәлел туралы оқырмандарына былай дейді.
– Омар жайлы «Біреуін емес бірнеше әйелді зар қақсатып, балаларымен тастап кеткен» деген әңгімені бірнеше жерден естіп едім... Сәлима деген әйел адамның жазбасын өз рұқсатымен салып отырмын. Шынымен елге берекелі отбасын қалай құру керек екені жайлы ақыл айтып жүрген «Бас бидің» өзінің отбасы қалай екен? Кім біледі?, – деп сұрады Ахметбек Нұрсила.
Әзірге хаттағы айтылған дүние қауесет пе, шындық па ол жағы белгісіз. Қазақтың бас биі бұған қатысты әзірге жауап бермеді.
Жаңалықтар
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт
- Қазақстанда жол ережесін бұзатындарға тұзақ көбейді: Дрон, камера және лазер іске қосылды