Олжас Сүлейменовтың Алматы атауына қатысты сұхбаты сатылымнан алынды
Фото: Алматы телеарнасы
Алматыда «Алматы ақшамы» газетінің мерекелік таралымы сатылымнан алынды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
- Бізде басып шығару кезінде қате кетті, сондықтан оны сатылымнан алып тастадық. Бас директор осындай нұсқау берді. Ол жерде техникалық қателіктер болды, - деп түсіндірді «Алматы ақшамы» газетінің коммерциялық директоры Қуаныш Дусқалиев.
Газетпен бірге Олжас Сүлейменовтың «Алматы ақшамы» газетіне берген сұхбаты сайттан да жоғалып кетті. Оның себебін сұрағанда Дусқалиев «мұндай сұрақ қоюға ешкімнің құқығы жоқ» екенін айтты.
«Алматы ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Михаил Буренков бұған дейін «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне мерекелік нөмірінде белгілі ақын Олжас Сүлейменовпен сұхбат болғаны туралы айтқан. Онда ақын Алматының атын «Алма-Ата» етіп қайтаруға қатысты пікірімен бөліскен.
Айта кетсек, Олжас Сүлейменовпен сұхбаты «Вечерний Алматы» сайтынан да жоғалып кеткен. Бірақ мақаланы Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі қайта көшіріп, үлгерген.
Еске салсақ, белгілі қазақстандық ақын, жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Алматының атын өзгерту туралы ойымен бірнеше рет бөліскен.
2019 жылы Сүлейменов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі Алматының атын ескіше Алма-Ата деп атауды өзгертуді қолдағанын айтқан.
Ақынның сөзіне Тоқаевтың кеңесшісі Олжас Құдайбергенов былай деп жауап берді: «Қаланың қазақша тарихи атауы - Алматы. Осымен нүктесі қойылсын», «қазір елде қалалардың атауын өзгертуден басқа да мәселелер бар».
Сүлейменов сонымен қатар Тоқаевтың «бұл бастаманы қолдағанын, бірақ оны халықтың өзі шешетінін айтты» деп қосқан болатын.
Авторы: Кристина Думанова
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық