Олжас Бектенов сатып алу үдерісін жеңілдету керек деп мәлімдеді
Фото: Ашық дереккөзден
Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алу үдерісін жеңілдетуді және жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында отандық тауарлардың үлесін арттыра отырып, оларды түбегейлі жеңілдетуді және жеделдетуді тапсырды. Премьер-министр қолданыстағы рәсімдер көбіне мемлекеттік сатып алулар үдерісінің әдейі кешіктірілуіне әкелетінін, оның салдарынан жаңа жобаларды іске асыру және тұтастай алғанда экономиканың дамуы баяулайтынын айтты.
«Мұндай жағдайда пәрменді түрде алға жылжу керек, өйткені қазіргі сатып алу жүйесі бәрін тежеп отыр. Конкурстарға шағымдану рәсімінің төңірегінде тұтас астыртын бизнестер пайда болды. Кейіннен бұл мәселеге қайта айналып соқпас үшін біз жағдайды түбегейлі өзгертуіміз керек», — деді Олжас Бектенов Үкіметтегі кеңесте
Бұл ретте ол тиісті ынталандыру тетіктері арқылы сатып алулардағы отандық тауарлардың үлесін арттыру қажеттігіне тоқталды. Бұл – республикада әлі жолға қойылмаған жаңа өндірістерді қолдауға да қатысты мәселе.
Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде бизнес-қоғамдастықпен және сарапшылармен бірге қажетті шараларды қарауды, оларды Парламент қарауындағы заңнамалық түзетулерге енгізуді тапсырды. Талқылау барысында «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов аталған тәсілдерді қолдап, оларды іске асыру үшін министрліктермен бірлесіп белсенді жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ жиында QazTech мемлекеттік басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын іске қосу және тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері талқыланды.
Жаңалықтар
- Дәрігерлер әйелден салмағы алты келіден асатын ісікті алды
- Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек