Олжас Бектенов Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихи келбетін сақтау маңызды екенін айтты
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Түркістан облысына іс-сапармен барып қайтты. Онда ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихи келбетін сақтау маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – Түркістанның сәулет-тарихи кешені. Жыл сайын кесенеге 1 млн адам келеді. Ал оның тиісті жай-күйін сақтау жөніндегі жұмыстар табиғи жағдайлар әсеріне байланысты және бірегей сәулет ескерткіші мен ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра нысанының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Кесенеге күрделі жөндеу жұмыстары былтырдан бастап жасалып келеді. Қазір кесенеде климаттық факторларды өлшейтін датчиктер орнатылған.
Жөндеу жұмыстары әлі де жалғасын тауып жатыр. Премьер ескерткішті сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызды екенін атап өтті.
«Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың асыл мұрасы. Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтауға қатысты тапсырма берді. Бұл – біздің ортақ міндетіміз. Кесененің жай-күйін ерекше бақылауда ұстау қажет», — деді Олжас Бектенов. Премьер-Министр Үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға барлық қолдау шаралары көрсетілетінін атап өтті.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді