Олжас Бектенов Ашхабадта өткен ТМД үкімет басшыларының отырысына қатысты
Фото: primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Түрікменстанда өтіп жатқан ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Orda.kz.
Ашхабадқа келген Олжас Бектеновті Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қабылдады. Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық лебізін жеткізді. Әңгімелесу барысында өзара құрметке негізделген екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейі атап өтілді.
Екі ел арасындағы тауар айналымы бір жыл ішінде 28 пайызға өсіп, 563 миллион доллар болды. Ағымдағы жылдың үш айының қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 105 миллион доллар болды, сондай-ақ газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен қазақ-түрікмен жобалары талқыланды.
ТМД отырысында Достастықтағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Кездесу нәтижесінде түрлі салалардағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған құжаттар пакеті қабылданды.
Үкімет басшылары экономикалық ынтымақтастық аспектілерін талқылады. Көлік, энергетика, химия өнеркәсібі, экология және қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу, денсаулық сақтау, зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтармен күрес және басқалар салаларындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар мәселелер қаралды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық