Қолына кісен салынған Боранбаевтың видеосы пайда болды
Алматыда қамауға алынған белгілі кәсіпкер, Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаев Нұр-Сұлтанға жеткізілді.
Бейнекадрда құқық қорғау органдары қолына кісен салынған Қайрат Боранбаевты ұшақтан шығарып, шағын автобусқа отырғызды.
Еске салсақ, Қайрат Боранбаев Orda.kz тілшісінің камерасына түскен сәтте ұсталған болатын. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.
Orda.kz тілшілері кеше Қайрат Боранбаевты Аюсай шатқалында суретке түсіріп алды. Ол біраз адамдармен бірге баяу жүріп келе жатты. Оның екі қолы артына қайырылған, бірақ кісенсіз. Журналистерді көрген ол қасындағылармен бірге тез ішке кіріп кетті.
Дәл сол уақытта шатқалда қоңыр аюларды жаңғырту жобасының тұсаукесері өтіп жатқан еді.
Orda.kz редакциясы табиғатты тамашалауға Боранбаев та келді деп шешті. Кешке қарай оның ұсталғаны белгілі болды. Алайда, аты-жөнін атамауды өтінген қаржы мониторингі агенттігінің қызметкері бізге McDonald's франшизасы иесінің Аюсай шатқалында вилласы бар екенін және сол сәтте онда тінту жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Ал Orda.kz камерасына түскен кезде ол құқық қорғау органдары қызметкерлерімен виллаға іргелес аумақты айналып өтіп бара жатқан болып шықты. Осыдан кейін таудан түскен Боранбаевқа бірден ресми түрде айып тағылды.
Еске салсақ, 15 наурызда Боранбаевты Алматыда қаржы мониторингі агенттігінің орталық аппаратының қызметкерлері қамауға алды. 16 наурыз күні ол Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді.
«Боранбаев астанаға Қазақстанның құқық қорғау органдарына тағайындалған Як-42Д ұшағымен жақында ғана әкелінді» деді дереккөз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық