Өлтіріп, мәйітін Жайыққа тастаған бойжеткеннің денесін іздеу тоқтатылды
Фото: instagram/nemolchikz_official
1,5 ай бұрын жоғалған 23 жастағы Яна Легкодомованың денесін іздестіру жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
2001 жылы туған Яна Легкодомованы 2024 жылғы 22 қазаннан бастап 4 желтоқсанға дейін іздеу жұмыстары жүргізілген. Іздеу жұмыстары тоқтатылғаны жайлы Атырау облысының ТЖД хабарлады.
«Іздеу операциясы аясында жағалау мұқият қаралып, Жайық өзенінің түбін сүзу әдісімен 4500 шаршы метрден астам аумақ тексерілді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері Полиция департаменті көрсеткен орыннан бастап ағыс бойымен 30 шақырым қашықтықтағы акваторияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, түбін егжей-тегжейлі зерттеу үшін құтқарушылар сүңгуір-құтқару жұмыстарын жүргізіп, эхолот қолданылды», деп айтылған хабарламада.
Іздеу жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан нәтиже болмаған. Сонымен қатар, күннің суытуы су көліктерінің техникалық жай-күйіне әсер ететінін ескере отырып, 2024 жылы 4 желтоқсаннан бастап іздеу жұмыстары тоқтатылды.
НеМолчи қорының ақпаратына сәйкес, Яна 18-19 қазанға қараған түні жоғалып кетті. Тергеу мәліметтері бойынша және қолда бар дәлелдерді ескере отырып, қызды 24 және 25 жастағы жігіттер өлтірді. Дәлел ретінде 12 қазаннан бастап Янаның жүргізген күнделігі бола алады, күнделігінде бір жігіт туралы жазған. Күдіктілер өлтіргенін мойындап отыр.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді