Олимпиададан жүлдемен оралған спортшыларға қандай сый берілді?
Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар сегіз қола медаль жеңіп алды. Бұл үшін мемлекет оларға 75 мың доллар төлейді. Үлкен сыйақымен қатар, спортшыларға автокөліктер табыс етілді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Елдос Сметов

Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада ойындарының алғашқы күнінде-ақ Қазақстан қоржынына медаль еншіледі.
Токиодағы қола - Елдос Сметовтің екінші Олимпиадалық медалі. Біріншісі спортшы Риода жеңіп алған «күміс» болды. Жапония Олимпиадасында үшінші орын алғаны үшін оған Мерседес көлігі сыйға тартылды.

Игорь Сон

Қазақстан қазынасына ауыр атлет Игорь Сон екінші «қола» салды.
Токио ойындары оның мансабындағы алғашқы Олимпиада. Жарыстан кейін Игорь «қоланы» жеңіп алуды күтпегенін мойындады. Үшінші орын үшін ауыр атлетика федерациясы оған Toyota Camry автокөлігін уәде етті.
Зульфия Чиншанло

Оның артынан ауыр атлет Зульфия Чиншанло да қола медаль алды.
28 жастағы ауыр атлет Қытайда туылған, 2007 жылдан бері Қазақстан құрамасында ойнайды. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадада Зульфия алтын медаль алған болатын, бірақ 2016 жылы спортшының қанынан заңсыз есірткі табылғанына байланысты жүлдеден қағылды. Допинг дауына байланысты Чиншанло Рио Олимпиадасын өткізіп алды.
Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы оған Toyota Camry маркалы автокөлігін сыйға тартамыз деп уәде етті.
Қамшыбек Қоңқабаев

Төртінші «қола» Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевқа бұйырды.
29 жастағы боксшы Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021), Әлемдік соғыс ойындарының күміс жүлдегері (2015), әлемдік әскери қызметкерлер арасында чемпион (2014), Болгарияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы (2015), Қазақстан Республикасы спартакиадасының чемпионы (2015), әуесқойлар арасындағы ел чемпионатының чемпионы және жүлдегері.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан туын Қоңқабаевқа сеніп тапсырды.
Бокс федерациясы оған 50 000 доллар сыйақы береді. Жалпы, мемлекеттің сыйлық ақшасымен (75 мың доллар) бірге боксшының есебінде 125 мың доллар болады.
Сәкен Бибосынов

Келесі медаль да боксшыларымыздың еншісіне тиді. Сәкен Бибосынов Өзбекстанда туған, 13 жасында Қазақстанға көшіп келген. Ол 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Қазақ елі Бибосыновты чемпион ретінде қарсы алды. Түркістан әуежайында бір топ кәсіпкерлер Бибосыновқа Toyota көлігін сыйлады. Қонақтар арасында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те болды.
Сонымен қатар, Бибосынов бокс федерациясынан 50 мың доллар алуға құқылы.
Нұрислам Санаев

Еркін күресші Нұрислам Санаев Қазақстанның алтыншы жүлдегері атанды.
Спортшы Қазақстан құрамасында 2014 жылдан ойнай бастады. Екі жылдан кейін ол ислам дінін қабылдап, аты-жөнін өзгертті (туған кездегі аты - Артас Санаа). Санаев - 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы.
Токиодағы Олимпиада ойындары Санаев үшін бірінші ойын емес. Алдыңғы Олимпиадада балуан 12-орынға ие болған.
Нұрислам Санаев 9 тамызда Қазақстанға оралды. Дәл Алматы әуежайында оған BMW кілті табысталды.
Дархан Асаділов

Тағы бір «қоланы» Қазақстанға каратеші Дархан Асаділов әкелді.
33 жастағы спортшы Шымкент қаласының тумасы. Ол айналысатын спорт төрт жыл бұрын Олимпиада бағдарламасына енді, сондықтан бұл Дархан үшін бірінші Олимпиада ойындары. Асаділов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте көш бастап тұр, оған «алтын» беріледі деп күтілген еді. «Қола» алғаннан кейін каратэші қазақтардан кешірім сұрады.
Софья Берулцева

Сегізінші «қола» да Олимпиаданың соңғы күнінде Қазақстанға қоржынына кетті. Оны каратэші Софья Берулцева жеңіп алды.
2000 жылы туылған қыз Токиода ел намысын қорғаған ең жас спортшылардың бірі. София Олимпиада медалін былтыр қайтыс болған каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Жасталап Санауовқа арнады.
Асаділов пен Берулцева 9 тамызда туған жерге оралды. Жанкүйерлер оларды жылы қарсы алды. Шымкент қаласының әкімі демеушілердің атынан Софья Берулцева мен Дархан Асаділовқа Toyota көліктерін сыйға тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық