Олимпиададан құр қол қайтқан спортшылар шағымдарын айтты
Видеодан скриншот
Олимпиададан құр қол қайтқан ұлттық құрама спортшылары жаттығуға жағдай жасалмағанын айтты. Бейжіңдегі жарысқа ту ұстап барған Абзал Әжіғалиев спортшыларды ғана кінәлау негізсіз екенін жеткізді.
- Қазір көбі жекеменшікте. Сол үшін бізге жаттығатын уақыт жетпей жатыр. Олимпиаданың алдында жақсы көңіл бөледі. Бірақ бізге Олимпиада алдында төрт жыл бойы дайындалу керек. Төрт жыл бізге өз көлемінде осы мұзды қолданатындай уақыт берілсе екен деп ойлаймын. Әлем кубоктары, әлем чемпионаттары, Универсиада, Азиада ойындарында сол жарыстарды, біздің жарыстарымызды афишаға шығарса деп ойлаймын. Өйткені осы Олимпиадада адамдар осы шорт-тректі жаңа ғана көріп-біліп жатыр. Бұрын көрмеген, қандай спорт екенін білмейді, - деді спортшы Абзал Әжіғалиев телеарнға берген сұхбатында.
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев расында мемлекет қаражатына салынған спорт нысандарының жекеменшікке өтіп кеткенін мойындады.
- Абзал жазған мәселелердің бір бөлігі шындық. Оны мойындауымыз керек. Бүгінде мұзы бар ірі нысандардың көбі жекеменшікке берілген. Сол себепті ұлттық құраманың дайындық жасау жағынан проблемалар бар. Дегенмен мәдениет және спорт министрлігі де, Ұлттық Олимпиада комитеті де, федерация да осы проблеманы шешуге тырысып жатыр. Шынында, олар бір ай қалғанда «Алауда» жиналған болатын. Себебі пандемияға байланысты спортшылардың барлығы карантинде болды, - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық