Олимпиада жарақаты: Польшалық шорт-трекші Камила Сельер коньки жүзімен беттен соққы алды

cover Фото: media.az

2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары кезінде польшалық шорт-трекшіге коньки жүзімен беттен соққы тиіп,  ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Польшалық шорт-трекші Камила Сельер 1500 метр қашықтықтағы ширек финалдық жарыс барысында ауыр жарақат алды. Бұл туралы Reuters хабарлады. Оқиға 21 ақпандағы жарыста болды.

 

Оқиға алтыншы жарыс кезінде, бұрылыста болды. 25 жастағы спортшы америкалық Кристен Сантос-Грисвольдтің коньки жүзімен бет тұсынан соққы алып, есінен танып қалған. Одан қатты қан кетіп, дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін Сельерді аренадан зембілмен алып кетті.

 

Сол күні жарыс уақытша тоқтатылып, ал америкалық Кристен Сантос-Грисвольд тәртіп бұзғаны үшін жарыстан шеттетілді.

Еске салсақ, Михаил Шайдоров соңғы гала-шоуға «Кунг-фу панда» образында келіп, Джеки Чаннан арнайы ілтипат сыйлығын алды. Ал Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің төрағасы және World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин  Джеки Чанға қазақтың шапанын сыйға тартты.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар