Олимпиада құрдымға кеткеннен кейін, ұлттық құрама қайта жасақтала ма?
Фото: astanaarlans.kz
Неге қазақстандық боксшылар Токио-2020 Олимпиадасында бірде бір жүлде ала алмағаны туралы Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік мәселелері жөніндегі вице-президенті, бокстан ҚР құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев түсіндірді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Әр нәрсені өз атымен атайтын уақыт келді. Мұны сәтсіздік деп айтқан өте орынды шығар және өте төмен нәтиже көрсеттік. Барды бар деп айту керек. «19 млн жанкүйер бар» деп Құдайдың құтты күні айтып жатырмыз ғой. Көшеге шығып қалсаң, барлығы бокстың ахуалын, қалай бокстасқанын, балалардың қалай шыққанын айтады. Сондықтан да бұл – өте нашар көрсеткіш. Бұл жерде ешкім ешкімді ақтайын деп жатқан жоқ, болмаса өзіміз ақталайын деп жатқан жоқпыз. Жігіттер қолынан келгеннің барлығын істеді, - деді Артаев.
Енді ұлттық құрамада не өзгереді?
Жаттықтырушының айтуынша, барлығы бас бапкерге сенім артқан. Бірақ ол оның кінәсі емес.
– Ашығын айту керек, біз әдеттегідей бас бапкерге сендік. Бірақ бұл сөзіммен бүкіл жүкті бас бапкерге итеріп тастап, өзіміз судан тазамыз деп айтқым келіп отырған жоқ. Шын мәнісінде, бұл жерде жүйелі жұмыс жасалды: жарыстарға барды, оқу-жаттығу жиындары өтті. Бұрынғыдай ешкімді ешқайда алып барған жоқпыз, ешкімге тиіскен жоқпыз. Бірақ болатын нәтиже болды. Өкінішке қарай, екі қолаға қол жеткіздік. Әдеттегідей Риодағыдай нәтиже бере алмадық. Риода өздеріңіз білесіздер, бір – алтын, екі – күміс, екі – қола болды. Осындай нәтижеге қол жеткізе алмағандықтан, сараптама жұмысын жасау керек, - деді Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік мәселелері жөніндегі вице-президенті.
Сонымен қатар, ол Ұлттық құрама қайта жасақталуы мүмкін екенін айтты.
– Үш баланың өз орнына бара алмауына қатысты көп сұрақ туындады. Осыған байланысты қазір нақты шешім қабылдап, Сербияда болатын әлем біріншілігіне ұлттық құрама тізімін толықтай өзгертіп, жақсы командамен барып, жақсы нәтиже көрсетеміз деген ойдамыз. Өйткені, осындай нақты нық қадамдар баспасақ, дайындық кезінде кеңес өкіметінің дайындығынан әлі арыла алмай келе жатырмыз. Өйткені, күніне үш мезгіл дайындықтың өзі балаларға өте ауыр тиіп жатыр. Сондықтан дайындық кезеңін өзгертуіміз мүмкін, бапкерлер мәселесін де қарастырамыз және балалардың жейтін тағамдарын да өзгертетін шығармыз. Жұмыс жасалып жатыр, алда да жұмыс істейміз. Былайынша айтқанда, өте төмен көрсеткіш болды, - деді Бақтияр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық