Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды
Фото: әлеуметтік желіден
Павлодар қаласында еркін күрестен танымал қазақстандық балуан, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды. Спортшы Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен құралған патрульге шабуыл жасағаны үшін қамалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Балуан қылмыстық кодекстің 380-бабының 4-бөлігі 1-тармағы, яғни билік өкіліне қатысты, екі немесе одан да көп адамға күш қолданды деген күлікпен ұсталған еді.
«Биыл қыркүйекте Ұлттық ұланның үш әскери қызметкері кешкі сағат тоғыз шамасында дәмхана маңында Дәулет Шабанбайды тоқтатқан. Оларға «мас спортшы шу шығарып, тәртіпсіздік жасады» деген шағым түскен. Патруль қызметкерлерінің сұрақтары мен ескертуіне балағат сөздермен жауап беріп, біреуін итеріп, наряд бастығын иығынан қағып, бетінен соққан, үшіншісінің көзіне соққы тиген. Көмекке келген қосымша патрульдер ер адамды ұстап, қолына кісен таққан», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайды кінәлі деп тапты.
Айта кетейік, 14 желтоқсан күні Астанада жұмысшы биіктен құлап мерт болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық