Олимпиада қарсаңында Парижден қаңғыбастар мен мигранттар күштеп шығарылуда
Фото: ҚазАқпарат
Жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге дайындалып жатқан Париж жанжал ортасында қалды. Француз билігі халықаралық спорттық іс-шара қарсаңында тазалық пен тәртіп бейнесін көрсетуге тырысып, мигранттар мен үйсіз адамдарды қаладан жаппай шығаруды бастады.
Бұл әрекеттер қоғам мен құқық қорғау ұйымдарының сын толқынын тудырды, деп хабарлайды Orda.kz Inside The Games сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, көшіру қалада 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін ойындарға дайындық аясында басталған. Француз үкіметі таза астана бейнесін көрсетуге ұмтылады, бірақ мұны істеу тәсілі адам құқықтары мен этикаға қатысты күрделі мәселелерге тап болды.
Құқық қорғау ұйымдары өкілдері мен қарапайым азаматтар биліктің әрекетіне наразылық білдірді. Олардың пайымдауынша, күштеп көшіру мигранттар мен баспанасыз адамдардың құқықтарын бұзады, оларды соңғы баспаналары мен тіршілік ету көздерінен айырады.
Олимпиада қарсаңында Париж әкімдігі баспанасыз қалған 5200 адамды қаладан шығарды. Сонымен бірге, босқындарды қорғау қауымдастығы ойындарға дайындық басталған 2023 жылдың сәуірінен бері 12 500-ден астам адам қаладан шығарылды деп мәлімдейді.
Сонымен қатар, Парижде түнгі баспаналар, азық-түлік тарату пункттері мен үйсіздерге арналған қабылдау орталықтары жабылуда.
Жаңалықтар
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды