Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке қайта оралды
Фото: ҰОК
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев басқаратын болды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Астанада Туризм және спорт министрлігінің басшысы Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен облыстық спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
«Комиссия Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің кандидатурасын мақұлдады. Сонымен қатар Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашев тағайындалсын» делінген ресми мәлімдемеде.
Комиссия отырысы барысында үміткерлердің кәсіби тәжірибесі, өңірдегі спортты дамыту жоспарлары, сондай-ақ спорт ғылымы мен менеджмент саласындағы білімдері туралы сұрақтар қойылды.
«Мемлекет басшысы ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарын жеңімпаздарымен кездесуінде әр өңір спорттың қай түрін дамытуды өз бетінше шешетініне назар аударды. Енді облыстық спорт басқармалары басшылығына үміткерлерді ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссия бекітеді», - деді Ербол Мырзабосынов.
Бұған дейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстан аймақтарындағы спорт басқармалары басшыларының жаппай босатылуының себебін түсіндірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық