Олимпиадаға қазақстандық бокс командасы да аттанды
Бокстан Қазақстан командасы Жапония астанасы Токио қаласына аттанды. Бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев былғары қолғап шеберлерінің Олимпиада қарсаңындағы жаттығу жиыны туралы айтып берді.
— Боксшылар Олимпиада қарсаңында жаттығу жиынының екі кезеңін өткізді. Алдыңғы жиында жалпы дене жаттығуына көңіл бөлсек, соңғы кезеңде техниканы жетілдіруге күш салдық. Еліміздегі үздік боксшылармен спаррингтік кездесулер ұйымдастырдық. Мұның барлығы Олимпиададағы жекпе-жектер кезінде спортшыларымызға көмек болары анық. Арнайы физикалық жұмыстар өткізгенімізді де айта кету керек, - деді Ғалымбек Кенжебаев.
Былғары қолғап шеберлері үшін Олимпиада ең ұзақ дода болмақ. Өйткені, бокс бәсекесі 24 шілдеде басталып, 8 тамызға дейін жалғасады. Аса ауыр салмақтағы боксшылар Токио турнирінің шымылдығын жабады.
— Біз бір апта бұрын ұшып барамыз. Жеті күн бойы өзге елдің табиғат жағдайына бейімделіп, карантин талаптарын сақтаймыз. Ұлттық құраманың екінші және үшінші нөмірлі боксшылары спаррингтік кездесуге келіп, бас команда жігіттерін шығарып салды. Баршаңызға көп рахмет! Жігіттердің спорттық бабы жоғары. Енді мінез көрсетіп, моральдық тұрғыдан мықты болу керек, – дейді бас бапкер.
Жаңалықтар
- «Жасанды Күн»: Қытай әлемдегі ең ірі термоядролық магнит жасады
- «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компания басшылары 7,7 млрд теңге сыйақы алды
- Алматы облысындағы ойын бизнесінен бюджетке 25 млрд теңге түсті
- Қостанайдағы интернатта 14 жастағы бала көз жұмды: Қызметкерлер аптап ыстық пен кондиционердің жоқтығына шағымданды
- Алматы көшелерінде автобустар не үшін қаңтарылып тұр?
- Тәжікстанда қара хиджабқа тыйым салынып, сақалдыларға бақылау күшейді
- Іздеуде болған мерзімді әскери қызметші ұсталды: Ол әскери полицияға не айтты?
- Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударғандарға 7 миллион теңгеге дейін төленеді
- Алматы маңында жер сілкінді
- Сурхандарияда қызын қорлап, нәжіс жеуге мәжбүрлеген әкеге қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде небәрі 240 адам тұратын ең аз ұлт қайсы?
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды