Олимпиада-2020: боксшы Серік Теміржанов қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді
Токио Олимпиадасында кезекті жарыс күні Қазақстан командасының өкілі Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Серік Теміржанов алғашқы айналымда венгриялық Роланд Галошпен кездескен болатын. Аталған кездесуде Теміржанов қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.
Ол жекпе-жек барысында екі рет есеп ашып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Төрешілер де Серіктің айқын басымдығын бірауыздан мойындады. Бес төрешінің барлығы да жеңісті Теміржановқа берді.
Теміржанов қазақстандық боксшылардың Токио Олимпиадасындағы жеңісті жолын бастап берді.
Айта кетейік, Серік Теміржанов Павлодар қаласындағы бокс мектебінің түлегі. Ол Иорданияның Амман қаласында өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасынының иегері. Қазақстан чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Еске салсақ, Токиода Қазақстанның ерлер құрамасын сегіз спортшы қорғайды. Сондай-ақ, Олимпиада жүлделері үшін: Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін), Закир Сафиуллин (63 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін), Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (81 келіге дейін), Василий Левит (91 келіге дейін) және Қамшыбек Күнқабаев (91 келіден жоғары) салмақта күш сынасады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық