«Өлімге жетелейтін ойындар»: Оқушы қыздар неге өздеріне қол салды?
Алматыдағы жетінші сыныптың 2 оқушысының қазасы туралы қауесет көп. Қыздардың шатырға шығып, құлағаны тұрғындарды шошытты. Ата-аналардың бәрі балаларына қарап, олардың не істеп жүргенін тексере бастады.
Orda.kz балаларға өзін-өзі өлтіру жайлы сұмдық ойдың қайдан келетінін анықтап көрді. Біз көпшіліктің арасындағы негізгі болжамдарды назарларыңызға ұсынамыз. Ал нақты ақиқатын тергеушілер анықтайды. Назарларыңызға ұсынғалы отырған нұсқалар тек болжамдар ғана екенін ескертеміз.
16 қыркүйек күні Есенберлин атындағы №25 мектептің жетінші сынып оқушылары М.Айша мен Д.София сабақтан соң, бөтен үйдің шатырында шыққан. Сосын екеуі бірдей шатырдан құлады.
Бұл олардың құлаған жері. Қайғылы оқиға күні тілшімізбен тілдескен куәгер біраз нәрсе айтты. Қыздардың бірі аяқ киімсіз болған. Ол аяқ киімін шатырда қалдырған. Көршілердің айтуынша, қыздар құлаған кезде дыбыс шығармаған. Қастарында дәрілер мен пышақтар болыпты. Біз оны көрген жоқпыз.
Кейінірек БАҚ-та қыздардың өз ата-аналарына «масыл болдық» дегендей хат жазғаны жайлы сыбыс тарады. Оны көршілері көрген-мыс. Ал ол көршілері телефонды қалай ашты? Хатты қалай көрді? Осы сұрақтардың жауабын іздеп, мектепке келдік. Алайда нақты дәлел таппаған соң, бұл тек қаңқу сөз екенін ескертеміз.
Оқушыларды ата-аналардың өздері қарсы алып, шығарып салады. Әңгіме ауандарына қарасақ, сол қайғылы оқиға жайлы және telegram мен tik-tok жайлы жиі сөз қозғалады.
Бірінші болжам: «Қызыл дельфин»
Оқушылардан білгеніміз — екі қыз жақын құрбы болған. Соңғы кезде екеуі қайда барса да бірге жүрген. Олардың мінез-құлқында айтарлықтай оғаштық байқалмаған. Тек аздап тұйықтала бастаған. Оқушылардың айтуынша, қазіргі уақытта балалардың сөмкелері мен телефондарын тексереді. Бізге 25 мектепте тағы бір қыздың телефонында сол телеграм-боттың ойыны болғаны айтылды. Алайда бұл ақпаратты ІІМ жоққа шығарып, олардың чат ботты ойнамағанын мәлімдеді.
Ал «қызыл дельфин» атты бот шын мәнінде бар, оны табу оңай. Ол жайлы әлеуметтік желілерде бейнежазбалар таралып кетті.
Orda.kz тілшісі ойнап көрмек болған еді. Алайда «ойнауға» мүмкіндік берілмеді. Егер қыздар ойынға қатысқаннан қайтыс болса, онда қазіргі уақытта жүйенің ойнауға мүмкіндік бермей, «тынып отырғаны» күдік туғызады.
Ботқа жазғанымызда, қорқытатын, қоқан-лоққыға ұқсас мазмұндағы сөздер болды. Бірақ бот бізге ешқандай тапсырма берген жоқ. Бүгін біз кіргеннен кейін екі аккаунт жойылды. Бірақ олардың саны өте көп. Арасынан солай жұмыс істейтін аккаунтты табуға болады. Олардың баламалары шексіз және онда жазған сөздері расымен үрейлі. Сондықтан балаларыңыздың телеграмын тексеруге шақырамыз. Жас, психикасы әлі қалыптаспаған балаларға бұл қорқынышты бейнежазбаға толы арналар қауіпті.
Оқушылар сондай-ақ өзгеше аниме кітаптары туралы айтты. Онда тапсырма алудың бір тәсілі көрсетілген екен.
Марқұм Айшаның танысы Әсел Тәтішева инстаграмда оның егжей-тегжейін баяндады. Әсел балаларды «тапсырмаларды жинауға» үйрететін кейбір кітаптар туралы айтты. Ол бұл болжам екенін атап өтті. Соның өзінде осындай сұмдықтан кейін расымен ата-аналар әрбір нәрсеге мұқият болуы керек.
Әсел Тәтішева өзінің шағын тергеуін жүргізіп, балалардың қандай желілерге кіруі мүмкін екеніне назар аударды. Кітаптардағы ерекше сілтемелер арқылы авторлар қыздарды осы сұмдыққа итермелеуі мүмкін. Әселдің болжамына қарасақ, «Қызыл дельфин» мен арнайы кітап арасында байланыс бар. Ал кітаптың авторы бұл туралы тіпті білмеуі де мүмкін. Нақты себепті тек тергеушілер анықтай алады.
«Ақпаратты мен екі дереккөзден алдым. Бірі мектеп директоры, енді бірі қайтыс болған қыздардың туысы. Олар қыздардың бұл ойды өздері ойлап таппағанын, оларға әлдене әлеуметтік желілер арқылы әсер еткенін айтты. Қыздар өте жақсы отбасыдан шыққан. Мен кейін чат-боттың бар-жоғын тексердім, онда тапсырмалар берген жоқ, бірақ мені басқа чатқа ауыстырды, ал ол жерде нағыз қорқынышты жағдайды көрдім», — деп түсіндірді Әсел.
Айша мен София шатырдан құламай тұрып, №120 мектепте өзін-өзі өлтіру оқиғасы болған. Ол туралы ақпарат өте аз. Ол 12 қыркүйек күні 14-қабаттан құлап кеткен.
Алайда Алматының полиция департаменті бізге бұл оқиғалардың байланыс туралы пікір берген жоқ.
Екінші болжам: SCHOOLBOY RUNAWAY қосымшасы
Ерекше ойын туралы ақпарат ата-аналар чаттарында тарала бастады. Ата-аналарға қосымшаның сценарийі үрейлі екенін ескертіп жатыр. Ойынның мәні — ата-аналарды алдап, олардан жасырып қалу және жазадан қашу.
Orda.kz тілшісі ойынның қауіптілігін түсіну үшін оны жүктеп, ойнап көрді.
«Ах, сені ме, бүлдіршін! Жүр, сабақ оқы! Ата-анаң сені үйде отыруға мәжбүрледі. Ал сен ата-анаңды алдап, достарыңмен серуендеудің жолын тап. Жаман баға алғаның үшін ата-анаң сені жазалады. Енді үйден қашып, олар таба алмайтындай ет!» — ойынның маркетплейстердегі ресми сипаттамасы осы.
Ойын ата-анадан қашуды талап етеді. Айтқанын істемесе жазалайды.
Ойынның негізін қалаушы адамның есімі Антон. Қосымша арқылы бірден миллионнан астам жазылушысы бар телеграм-арнаға кіруге болады. Ойын шілде айының соңында чарттардағы бірінші орынды иеленді. Біз телеграмда өзін-өзі өлтіруге шақыратын үндеулерді байқай қоймадық.
Алайда, интернетте мұндай ойындардың саны көп және нақты осы ойынның осындай әсері болуы мүмкін бе? Біз балалардың өздерінен сұрап көрдік. Негізінен, олар оны қорқынышты дегенімен, ондай оғаш ештеңе жоқ екенін айтты. Біз де ойыннан дәл өлімге итермелейтін сөздерді таппадық.
Үшінші болжам: буллинг
Қыздардың екеуі де үлгілі отбасыдан шыққан. Бұл ақпаратты Orda.kz тілшісіне бір адам айтып берді.
№25 Есенберлин атындағы мектептің оқушыларымен, жоғарғы және төменгі сыныптармен, сондай-ақ олардың ата-аналарымен сөйлескеннен кейін, қыздарды сыныптастары, ұстаздары немесе жоғары сынып оқушыларының қорлауы туралы ақпаратты растай алмадық. Мектепте мұндай озбырлық көрсеткен, болмаса қорлаған жағдайлар байқалмаған.
Ал 14-қабаттан құлаған 6 сынып оқушысы құлаған №120 мектепке қатысты картадағы пікірлерде жағымсыз пікір жазғандар көп. Бұл қыздың өліміне себеп болуы мүмкін бе? Алайда әрбір нысан жайлы пікірлер жазыла беретінін ескерсек, нақты кесіп айта алмаймыз. №120 мен № 25 мектеп таяқ тастап жерде орналасқан. Бір мектептен екіншісіне жаяу жетуге болады.
Балалардың құқықтары бойынша уәкіл Динара Закиева инстаграмында өзін-өзі өлтіру жағдайлары туралы буллинг мәселесіне ерекше назар аударды.
Омбудсмен бір мектептегі қыздың өзін өте жаман сезініп, оған хат жазғаны туралы айтты. Қыз жалғыздық сезімімен күресіп, тіпті жаман ойларға батқан. Бірақ бұл жағдай оның мұғалімі мен психологты таңғалдырды. Өйткені қыз үздік оқушы болып, үлгілі отбасында тұрады.
Ол қазіргі уақытта өзін-өзі өлтірудің, зорлық-зомбылықтың және буллингтің алдын алу үшін орталықтар құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын ерекше атап өтті.
«2025 жылға дейін әр өңірде мектеп психологтарының санын 500 балаға бір маман деңгейіне дейін арттыру қажет. Алматыда қыздардың қайтыс болуы барлығымызды дүр сілкіндірді. Ата-аналарына қайғырып көңіл айтамын. Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін қажетті барлық жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді Динара Зәкиева.
Бір өкініштісі, білім басқармасы мен полиция департаменті бізге пікір бермеді. Әрине, жұртты шошытып, дүрбелең туғызып алмау үшін бермей отырған болуы мүмкін. Алайда фактілерді білмегеннен түрлі қаңқу сөз шығып, жалған ақпарат тарап кететінін де ескерген жөн.
Қыздар секірген шатырға шығатын есікте қазір құлып тұр. Айша мен София шыққан кезде ол ашық тұрған. Ал қазір әкімдік қала бойынша рейдтер жүргізіп, шатырларды жауып жатыр.
Жаңалықтар
- Ақтауда қызыл кітапқа енген фламинголар өлі табылды
- Алимент төлемеген азаматтар құмар ойынын ойнап келген
- Есірткі тасымалдаған 2 кәсіпкер әйел 10 жылға сотталды
- «16-шы жеңіс»: Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичті нокаутпен сұлатты
- Астанада 37 көпқабатты тұрғын үй заңсыз салынған
- Алматыда ер адамның бөлшектенген денесі табылды
- Қарағанды облысында жоғалған 5 жасар баланың жағдайы белгілі болды
- Таразда 10 жасар бала ауыр қылмысты ашуға көмектесті
- Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты
- Судьялардың IX съезі: Тоқаев ашық өткен Бишімбаев сотының пайдасын айтты
- «Шеге жұтқан»: Шымкенттегі сотталғандар наразылық танытып жатыр
- «Тоқаев өзі қарсы алды»: Астанада ТМД-ның арнаулы қызмет басшылары бас қосты
- Президент мопед жүргізушілеріне арналған заңға қол қойды
- Қазақстан $1,5 млрд еуробонд шығарды
- Ким Чен Ын ядролық қарумен қорқытты
- Иран Израильге жасаған шабуылынан кейін АҚШ-қа ескерту жасады
- «Қазақстанға қайтпа»: Жұрт желідегі әйелдің ұлына берген кеңесін қызу талқылап жатыр
- Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды
- Ғани Бейсембаев мектеп асханасын ұстайтын кәсіпкерлерді сынға алды
- «Астана» сербиялық «ТСЦ»-ны жеңді