Олигарх Александр Машкевичке ота жасалды – БАҚ
ERG компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичтің миына жуырда күрделі ота жасалды.
Бұл туралы Nege.kz хабарлайды.
«Миллиардердің миынан кінәрат анықталғанына біраз болған. Сол себепті ота да шұғыл емес, жоспарлы түрде өткен. Дәрігерлер отаның қай түріне де жауапты қарайды ғой. Ал егер ота адамның басына жасалса, оның қиындығы еселене түсері анық. Дегенмен, бізге жеткен дерекке қарағанда, «миллиардердің миындағы ісікті алып тастау» отасы сәтті өткенге ұқсайды. Сондықтан да «Машкевичтің хәлі мүшкіл екен» деген пікір жаңсақ болуы мүмкін» делінген хабарламада.
Жалпы, қалталылар жиі барып емделетін екі ел бар. Оның бірі – Израиль, екіншісі – Германия. Дереккөздің ақпарына сенсек, Машкевич отаны Германияның Мюнхен қаласында жасатқан, делінген хабарламада.
Портал тілшісінің хабарлауынша, Мюнхенде әлемдік деңгейдегі клиникалардың бірі Рехтс дер Изар Мюнхен Университет клиникасы. Онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа тәсілдеріне машықтанған бұл клиника дүниежүзі бойынша аса беделді зерттеу орталықтарының бірі саналады. Миллиардер Машкевичтің басына осы Рехтс дер Изар клиникасында ота жасалған болуы әбден мүмкін.
Бұл туралы әзірге ресми дерек жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық