Ольга Рыпакова: біздің костюмдеріміз шетелдіктерге қатты ұнады
ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Ольга Рыпакова Токиодағы Олимпиаданың ашылу салтанатынан алған әсері туралы айтты. Оның айтуынша, шетелдіктерге қазақстан құрамасының костюмдері қатты ұнаған.
Спорттық костюмдер Ұлттық Олимпиада комитетінің арнайы тапсырысымен тігілді. Эскиздерді әзірлеуге Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының мамандары қатысты. Костюмдердің дизайнын жасап, тігіп шыққан алматылық модельер - Виолетта Иванова.

Еске салсақ, кеше 40 қазақстандық спортшы мен бес жаттықтырушы Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсіміне қатысты.

— Біздің костюмдерімізге ерекше ықылас бар екенін байқадық. Ашылу салтанаты өткен стадионда, басқа елдерден келген спортшылар суретке түссек деп өтініш жасап жатты. Бұл, әрине, өз еліміз үшін өте мақтанарлық жайт. Қазақстандықтар бүгін жарқырап шықты деп айта аламын. Көңіл-күйіміз тамаша, - деді Ольга Рыпакова.
Естеріңізга салсақ, бүгін Жапонияның Токио қаласында Жазғы Олимпиаданың екінші күні өтуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық