Олардың орнында менің болуым да мүмкін еді - сот орындаушысы
Фото: Orda.kz
Күн өткен сайын Ақбұлақтағы қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер пайда болып жатыр. Әлеуметтік желілерде Игорь Дужнов шынымен шарасыздықтан атты ма, әлде құмарлыққа беріліп кетті ме деген сұрақ туындады.
Orda.kz тілшісі қорқынышты оқиғаның жаңа қырларымен танысты. Бұл оқиға 90-жылдары бастау алған. Журналист Елена Винокурованың ата-анасы Игорь Дужновтың отбасымен осы жылдары достасқан. Негізгі байланысты оның әйелі Анаид Демирчянмен жүргізген.

Елена әкесі қайтыс болғаннан бірнеше жыл өткен соң ғана Игордың жерлеу рәсімінен кейін қайғыға батқан анасынан қомақты қаражатты қарызға алғанын білді. Әйел оның қарызды қайтаратынына еш күмән келтірмеген. Оның үстіне ол кәсіппен айналысып, қарызды еселеп қайтаруға уәде берген. Дужновтар отбасы дінге берік саналған, себебі Игорь шіркеуге жиі барып Винокуровтардың сеніміне кірген.
- Менде онкологиялық ауру табылды, олары оны біле тұра ақшаны қайтармады! Егер Игорь мен оған ұқсайтын адамдар болмаса, мен операцияға ақша жинамас едім. Бұл өте қиын, - деді Елена.

Винокуровтардың ақшаны сот арқылы қайтару әрекеті де еш нәтиже бермеді. Анықталғандай, Дужнов қарт әйелге қалдырған түбіртектерге қара сиямен қол қойған. Қара қаламды жиі өзімен алып жүреді. Ережеге сәйкес, құжатқа қол қара сиямен қойылса, ол түкке жарамай қалады. Сот оны қабылдамайды. Сондықтан, судья Дужнов қарызға алған барлық соманың ішінен Ольга Георгиевна Винокуроваға тек 5 млн теңгені қайтару туралы шешім шығарған.
Бірақ мұнымен ештеңе шешілмеген. Игорь Дужнов ақшаны қайтару туралы ойламаған да. Жеке сот орындаушысы Сәкен Шерматов сот шешімін орындауға тырысқан, бірақ оның қарызды өндіргісі келетіндердің кезекте тұрғанын естиді. Елена тіпті Дужнов жерлеу рәсімі өткеннен кейін бірден келіп, отбасына дос ретінде барынша көмектесуге дайын екенін айтқанын еске алды. Бірақ ол сол күйі ақшаны қайтармаған.
Сот шешімінен кейін Игорь Дужнов Еленаға Винокуровтарға қарызды қайтару үшін басқа несие беруші тауып беруді сұраған.
2018 жылы Винокуровтың қарызды өндіру туралы сот шешімін орындауға тырысқан жеке сот орындаушысы Сәкен Шерматов өзін Ақбұлақта Игорь Дужновтың оғынан қайтыс болған әріптесінің орнында болуы мүмкін екенін айтты. Дегенмен, әр көшіру белгілі бір тәуекелге ие. Бұрын ол денсаулыққа қауіп төндіретін болса, қазір өмірге қауіп төніп тұр. Тіпті енді сот шешімін орындаушыларға оқ өткізбейтін кеудеше киюге тура келеді.

Не болды?
Еске салсақ, 20 қыркүйекте Алматы қаласының 54 жастағы тұрғыны Игорь Дужнов үйінен шығарылған кезде қанды қырғын ұйымдастырды. Ер адам сот шешімін ести сала үйінен қару алып шығып, оқ жаудырған. Бес адам – сот орындаушысы, екі учаскелік полиция қызметкері, үйдің жаңа қожайыны және оның досы оқтан ауыр жарақат алып, қайтыс болды.
Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов ұстау арнайы жасақтың қатысуымен жүргізілгенін айтты. Ешқандай қару қолданылмаған, өйткені үйде балалар мен әйелдер болған.
Сот шешімі бойынша, 2011 жылы Игорь Дужнов пен оның әйелі Анаид Демирчян жылжымайтын мүлікті кепілге қойып, бизнесті дамыту үшін банктен несие алған. Қарыз қайтарылмағандықтан, үй аукцион арқылы Нұрахмет Тұрғановқа сатылды. Электронды биржада кепілге салынған жылжымайтын мүлікті сатып алу және одан кейін қайта сату Тұрғановтың кәсібі болған. Дегенмен оның атына автокөлік бөлшектерін сату және жүк тасымалдау бойынша екі жеке кәсіп тіркелген.
Игорь Дужновтың өзі де кәсіпкер болған. Оған «Нано Плюс» ЖШС, әйелі Анаида Демирчянға «Идеал Сервис» ЖШС тіркелген.
2011 жылы Дужнов -Демирчян несиелік кепіл ретінде - Ақбұлақтағы үйді және Бағанашылдағы жер телімі бар ғимаратты тіркеді. 2012 жылы несие бойынша оны алғаннан бері төлем жүргізілмегендіктен, банк сотқа жүгініп, 2014 жылы ұтты. Үй аукционда сатылды, ал Бағанашылдағы ғимаратты 16-шы әрекет бойынша екінші аукционда банктің өзі сатып алды. Апелляциялық шағым кезінде сот алқасы жауапкердің кепілге салынған мүлкі жалғыз тұрғын үй екендігі туралы уәждерін қабылдамады, өйткені Игорь Дужновтың тұрғын үйге тіркелген құқықтары болды.
Авторы: Александр Смолин
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық