«Олар оны өлтіреді». Протасевичтің анасы ұлының видеосына пікір білдірді
Белоруссиялық журналист Роман Протасевичтің ата-анасы ұлының тергеу абақтысында түсірілген видеосына қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Наталья мен Дмитрий Протасевич ұлдарының өмірі үшін қорқады.
– Бұл видеода біз Романның бетінен ұрып-соғу белгілерін анық байқадық. Оны гриммен әрлеп қойған, мұрны сынған сияқты. Сол жақ беті ісінген, оның тістері сынған деген күдік бар. Шекесі көгерген және мойын жағында тұншықтырғаннан із қалған, - деді Nexta Telegram арнасының бұрынғы бас редакторының анасы.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Минск тергеу изоляторынан Роман Протасевичтің үндеуін жариялаған болатын, онда журналист тергеумен бірлесе жұмыс істеп жатқанын және Минскідегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру туралы мойындағанын мәлімдеді.
Ұсталған азамат құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан оған деген қарым-қатынас «барынша дұрыс және заң бойынша» екенін атап өтті, сондай-ақ оның денсаулығында ешқандай проблемалар жоқ екенін мәлімдеді.
23 мамыр күні Nexta және «Беларусь головного мозга» Telegram каналының негізін қалаушы Роман Протасевич Минск әуежайында ұсталды. Оның Беларуссиядағы екі арнасы да экстремистік деп танылған. Протасевич Ryanair-дің Афина – Вильнюс рейсімен ұшты. Ұшақ шұғыл түрде Беларуссияның астанасына қонды.
Дереккөз: DW Беларусь
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық